Фото: ашық дереккөз
Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларға қолайлы болу үшін бірнеше балама ұсынылады:
– билет құнын толық көлемде айыппұлсыз қайтару;
– 30 маусымға дейінгі мерзімге Дубай бағыты бойынша рейстерге тегін қайта брондау;
– басқа бағыттарға айыппұлсыз қайта брондау (тариф айырмашылығы мен әуежай алымдары қосымша төленуі мүмкін), ұшу мерзімі – 30 маусымға дейін.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға рейстерді 11–31 наурыз аралығында уақытша тоқтатқан болатын.