Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиға қоғам назарын ерекше аудартты. 21 қаңтар күні басқарма басшысы, бокс бойынша Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында болған кикілжің болған. Бүгін екі қызметкердің де жұмыстан шыққанды мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясы шеңберінде «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монеталардың сатылымы туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 03 Ақпан, 2026
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Жыл сайын миллиардтаған құс құрлықтар мен мұхиттарды кесіп өтіп, мыңдаған шақырымдық сапарға шығады. Бұл құбылыс табиғат көрінісі ғана емес, экожүйелердің тепе-теңдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Алайда климаттың өзгеруі, урбанизация және мекен ету ортасының жойылуы қоныс аударатын құстардың тіршілігіне елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұрын ғалымдар құстардың көшуін зерттеу үшін негізінен көзбен бақылау мен белгі тағу әдістеріне сүйенетін. Бұл тәсілдер көп уақытты талап етіп, кең ауқымды мәлімет беруге мүмкіндік бермейтін. Қазір бұл салаға жасанды интеллект батыл қадаммен еніп, зерттеу әдістерін түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирін 5-інші орынмен аяқтап, беделді супертурнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.