Тағайындау • 03 Ақпан, 2026
Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді
Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінен кейін ITF Juniors әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті
Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті. Келіссөз кезінде 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылы өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.