Әлем • 16 Наурыз, 2026
Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан
АҚШ-та ерекше мәміле жасалды. Флорида штатының тұрғыны өз үйін небәрі 5 күннің ішінде сатып, жылжымайтын мүлік агентінің қызметін толықтай жасанды интеллектке сеніп тапсырған. Ол барлық негізгі жұмысты ChatGPT арқылы атқарып, риелторлық комиссия қызметіне ақшасын үнемдеген, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды
Бүгін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум барысына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. «AMANAT» партиясының өкілдері тұтас ел аумағында жүргізілген ауқымды мониторинг деректеріне сүйене отырып, дауыс беру барысына жан-жақты талдау жасады. Референдум күні партия 22 мыңға жуық байқаушының жұмысын ұйымдастырды. Олар еліміздің барлық өңіріндегі сайлау учаскелерінде рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етіп, қолданыстағы заң нормаларының қатаң сақталуын қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 16 Наурыз, 2026
Жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатуға жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды
Алматыда өткен референдум барысында айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген. Дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылу деңгейі бұрынғы науқандармен салыстырғанда едәуір жақсарған. Бұл туралы жазушы, экономист және қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов айтты. Ол референдум кезінде тәуелсіз бақылаушыларды оқытып, Алматыдағы бірнеше учаскеде дауыс беру барысын өзі де бақылаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Наурыз, 2026
Елдегі су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Еліміздің бірқатар өңірінде көктемгі тасқынға дайындық аясында су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердегі ірі су қоймаларынан реттелген көлемде су жіберіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.