Референдум • 16 Наурыз, 2026
«Ауыл» партиясы жаңа Конституцияны «Нағыз халықтық» деп бағалады
Бүгін «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің Президиумы жаңа Конституция бойынша өткен жалпыхалықтық референдум қорытындысын қолдау туралы арнайы мәлімдеме жасады. Партия басшылығы 15 наурызда өткен референдумның ашықтығы мен әділдігін, оның халықаралық демократиялық принциптер мен ұлттық заңнамаға толық сай өткенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Наурыз, 2026
Туристік сала мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
«Байтақ» партиясының төрағасы: Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады
2026 жылғы 16 наурыз күні Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Саяси кеңесінің отырысы өтті. Бұл – жаңа Конституция бойынша өткен референдумнан кейін ұйымдастырылған алғашқы маңызды жиын. Отырысқа Саяси кеңестің 19 мүшесі, партияның өңірлік филиалдарының 20 жетекшісі және 26 мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінен аудандық филиалдардың басшылары бақылаушы ретінде онлайн форматта қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Наурыз, 2026
Президент 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Филиппиндік бақылаушы: Дауыс санау барысы ашық өтті
Филиппин сайлау комиссиясының халықаралық бақылаушысы Ховенсио Баланкуит Қазақстандағы республикалық референдумның ұйымдастырылуы мен өткізілуін оң бағалап, дауыс беру өте ұйымдасқан әрі ашық түрде өткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.