Қоғам • Кеше
Спорт пен шаруашылықты қатар игеріп, жібек баулы алтын қазығын ауылға қағып, өрісін қаладан тапқан Жұлдыз – жаңа заманның жасы. Төрт түліктің пайдасын түсініп, бабын табу – кез келгенге бұйдасын ұстатпайтын тірлік. Ал әр таңын түйе сауудан бастайтын Жұлдыз үшін мал шаруашылығы – өмірінің өзегі.
Саясат • Кеше
Көпвекторлы сыртқы саясат тағылымы
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыстарын жолға қойып, сыртқы саясатын пәрменді түрде жүргізіп келеді. Алыс және жақын шетелдермен дипломатиялық қатынасын әрі экономикалық, мәдени байланыстарын күшейтіп, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарынан көрінді. Қазіргі уақытта 140-қа жуық елмен қарым-қатынасымыз оң жолға қойылған. Тәуелсіздік жылдарында 56 елде 75 шетелдік өкілдік, 45 елшілік, 6 дипломатиялық уәкілдік, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашылды.
Көрме • Кеше
Биыл Қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толып отыр. Сонымен қатар ғарыш туризміне ширек ғасыр толды. Осыған орай елордадағы Президенттік орталықта «Кеттік! 65 жыл бұрын...» атты архивтік-иллюстрациялық көрме ашылды.
Қоғам • Кеше
Жасөспірімдер денсаулығына – елдік көзқарас
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. Сенатор қаралып отырған мәселенің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде маңыздылығын атап өтіп, оның демографиялық даму мен адам капиталы сапасының әсеріне тоқталды.
Рекорд • Кеше
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы филиалының мүшелері, яғни ақжаулықты әжелер ұзындығы 112 метрді құрайтын «Жылдың төрт мезгілін бейнелейтін сырлы сырмақ» атты айрықша туындысымен әлемдік рекордтар кітабына енді.