Руханият • Кеше
Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды
Алматыдағы Ұлттық кітапхана төрінде Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті. Ұлт әдебиетінің жыл ішіндегі табысы сараланған басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған қаламгерлер қауымы қатысып, әдеби үдерістің бүгінгі тынысын бағамдады.
Баға • Кеше
Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі
Елімізде жанар-жағармай нарығын дамыту – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Сарапшылардың айтуынша, аталған секторда баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіру тек нарықтың тиімді жұмыс істеуіне ғана емес, тұтас экономиканың тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінде де шешуші фактор.
Өндіріс • Кеше
Бүгінде ғылым тек теориялық ізденіс емес, өндірістің нақты мәселелерін шешетін басты құралға айналды. Әсіресе Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ғалымдарының бастамалары ғылым мен өндірістің тиімді байланысын көрсетіп отыр. Мысалы, металлургияда сапаны арттыру, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, тау-кен өндірісіндегі қауіпсіздікті күшейту бағытындағы ғылыми жобалар – соның дәлелі.
Аймақтар • Кеше
Екі жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдегі күріш жүйелерінің тұзды топырағында дәндік құмайдың сорттарын сынақтан өткізіп келеді. Гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асатын ғылыми жоба аясында әзірше былайғы жұртқа беймәлімдеу құмай дақылының отандық, шетелдік сорттарынан аймақтың қатал агроклиматына төзімді, инновациялық жоғары өнімді генотиптері іріктеліп келеді.
Ғылым • Кеше
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнестің ғылыми еңбектерінің таныстырылымы өтті. Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Арыс» баспасы және Ұлттық академиялық кітапхана бірлесіп ұйымдастырды.