Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Қытай астанасы – Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан беделді «Төрт құрлық біріншілігі» өз мәресіне жетті. Әлемнің әр қиырынан жиналған кіл мықтылар бас қосқан дүбірлі додада еліміздің намысын алты спортшы қорғады. Өкінішке қарай, байрақты бәсекеде жерлестеріміз жүлделі орындардан көріне алмады.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ғаламат. Оған дәлел – америкалық альпинист Алекс Хоннольд. Ол Тайваньдағы ең биік «Taipei 101» ғимаратына қауіпсіздік арқанынсыз өрмелеп шықты.
Көрме • 29 Қаңтар, 2026
Будапешттегі Мажар Ұлттық музейінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйымдастырылған «Аттила» атты халықаралық көрменің қонағы ретінде елімізден Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ осы мекеменің жетекші ғалымдары қатысты.
Футбол • 29 Қаңтар, 2026
Биыл 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада, Мексика елдерінде футболдан ХХІІІ әлем чемпионаты өтетіні белгілі. Осы дүбірлі дода қарсаңында ФИФА тамаша іс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, жарыс жеңімпаз командасына берілетін Әлем кубогінің мүсіні әлемнің 75 қаласын шарлайды.
Өнер • 29 Қаңтар, 2026
Биыл 5 ақпанда Қытайдың беделді «Hunan TV» телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба – «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының ресми премьерасы өтеді.