Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Жануарлар әлемі жіті қорғалып отыр ма?
Табиғаттың төл байлығы саналатын жануарлар әлемін қорғаудың маңызы зор. Шыны керек, соңғы кезде еліміздің орманды жерлеріндегі жануарларды заңсыз аулау көбейіп барады. Алайда, мемлекет тарапынан мұндай әрекеттерге тиісінше тосқауыл да қойылып отыр.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Сот билігінің сапасы көтеріледі
Республикада жылдан жылға сотқа келіп түсетін арыздар көбейіп келеді. Соттар даусыз істерді қарауға көп уақыт жұмсап, маңызды істерді жан-жақты толық карауға кейде уақыттары жетпей қалады. Осыған байланысты, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов аталған мәселені көтеріп, көп заңдарға өзгерістер енгізуге күш салды. Нәтижесінде, 2019 жылдың 21 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
«Бір терезеге» телмірген еңбек мигранттары
Қазақстан Орталық Азия және өзге де жақын аймақтардағы елдер үшін тартымды еңбек нарығы ретінде қарастырылып келді. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары еңбек мигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларға еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктемгі-жазғы кезеңде өсе түседі.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2019
Алқа билер қарымы қайткенде алымды болады?
Халық алқа билер институты өмірге енгенде үлкен өзгерісті күтті. Алғашқыда ол өзгеріс болғандығын да жасырмаймыз. Содан бері 12 жылдан астам уақыт өтті. Енді бүгінде әділдік іздеген жұрт алқа билердің қатысуымен өтетін сотқа жаппай жүгінеді деп айта аламыз ба? Жалпы сапа артып, олар қарайтын істер саны көбейді ме?
Аймақтар • 17 Сәуір, 2019
Әлеуметтік қолдаудың әдемі үлгісі
Қостанайдағы Атымтай-жомарт бизнес өкілдерінің басын қосқан «Меценаттар клубының» даңқы қазір облыстан тыс жерлерге де жайыла бастады. 90- жылдары алдымен ала дорба асынған өнер, мәдениет, жалпы әлеуметтік саланың қызметкерлері болғаны рас.