Әдебиет • 18 Сәуір, 2019
Ақын Бағдат Мүбәрактың тұтас поэзиясында екі түрлі күрек бар. Екеуі де ойлы образ бен сырлы сезімнің жауһар жемісі. Әуелі бірінші күрек, яки алтынкүрек хақында бірер сөз айтып бастайық. Ақынның былтыр жарық көрген жаңа кітабына берген осы атауға қарап отырып қатты толқығанымызды жасыра алмас едік. Оған және бірнеше себеп бар. Алтынкүрек – алғаш көктемде желпитін жылы леп, майда самал ғой!.. Оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.
Әдебиет • 18 Сәуір, 2019
Аспан денелері мен ғарышқа деген құштарлық әдебиеттегі фантастика жанрының пайда болуына себепші болды. Шынайы өмірде тіршілік кешуі мүмкін емес кейіпкерлердің жазушы қиялының арқасында әрқайсымыздың сана түкпірінен орын алып жататыны бар. Бүгінгі әдебиеттану ғылымы фантастиканың төркіні – мистика, фольклордағы мифтік образдар екенін жоққа шығармайды. Біз үшін фантастика тұтас бір жанр болса, көркем әдеби процесі фантастикалық өнім беруді жолға қойған ұлттардың әдебиетінде бірнеше кіші жанр бар. Осыған қарап, жанрлары көбейе (поджанр) алатын елдің әдебиеті ғана өміршең әрі озық деген гипотеза ұсынғымыз келеді. Кез келген тірі ағза көбейеді. Жанр да тірі болса, оған сұраныс бар болса, дами береді.
Қоғам • 18 Сәуір, 2019
Қатыгез ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бұл істі Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Білім және ғылым министрлігі бақылауға алды. Қыздар қажетті ем, арнайы психологтердің көмегін алды. Жетісай аудандық полиция басқармасында тіркелген іс бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар күдіктіні қамаққа алу түріндегі жазаны орындау бойынша шара қолданылған. Ата-ана құқығынан өгей анасын ғана емес, сондай-ақ әкесін де айыру жөніндегі мәселе қарастырылып жатыр. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған.
Руханият • 18 Сәуір, 2019
Жыраудың басына кесене орнатыла ма?
Жақында Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылында «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық ұлы құндылық» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен еді.
Қоғам • 18 Сәуір, 2019
Жалдамалы кейіпкер – арзан рейтинг, анайы хабар, төгілген абырой
Әлемді көз алдымызға айнадай тосып отырған телеэкранның алдында кім отырмайды дейсіз. Санасы солқылдақ жас та, салиқалы сөз күткен салмақты тыңдарман да, әрбір айтылған сөздің астарын іздеген кінәратшыл көрермен де, көргенін сол күйінде қабылдайтын аңғал жандар да, майдан қыл суырғандай сұңғылалар да, әр нәрседен пайда іздеген пиғылы бөлек адамдар да отыр.