Президент • 17 Сәуір, 2019
Алғашқы мемлекеттік сапардың түйіні
Сонымен 14-15 сәуір күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шетелге алғашқы мемлекеттік сапарымен Өзбекстанға барды. Сапар барысында өзбекстандық әріптесі Шавкат Мирзиеёвпен кездесті.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2019
Ақбұлақ, ағар ма тағы шапқылап?!
Арқа төсіндегі шөліркеген даланың таңдайын жібітіп, нәр берген сансыз бұлақтың көзі бітелгелі қашан?.. Бір ғажабы табиғатқа қатысы бар мемлекеттік органдардың ешқайсысында бұлақ туралы мәлімет жоқ екен.
Әлем • 17 Сәуір, 2019
Нотр-Дам – жалынға оранған жалпыадамзаттық құндылық
Кешелі бері жалынға оранған жауһар жәдігер – Париж Құдай ана шіркеуі жаһан назарын басқа жаққа бұрғызар емес. Шіркеу мұнарасын шарпыған шымқай қара түтін қайғының ауыр бұлтындай әлі сейілген жоқ. Шатырлап жанған тарихи шатырларға шаһар жұрты араша түсе алмай шарасыз күй кешкені шынымен өкінішті. Елисей алабы егіліп, Сена өзені солқылдап жатқандай. Небір алапат соғыстарда соққы алмаған, Сенаға ат суарған баһадүр бабаларымыздың қаһарынан қатер көрмеген, немістің бомбасы мен орыстың ойранынан аман қалған алып құрылыс күндердің күнінде тілсіз жаудың түтініне тұншығады деп кім ойлаған? Бір сөзбен айтқанда, бүкіл адамзаттық тарихи құндылық өзімен қоса өзекті де өртеп жатты...
Руханият • 16 Сәуір, 2019
Жуықта Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейі баға жетпес құнды жәдігермен толықты. Бұл мұра – шұрайлы мекен Қараторғай өзені бойында қоныс тепкен Жаңақала ауылы маңайынан табылды.
Руханият • 16 Сәуір, 2019
Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктері болады. Ондай ерекшелік бізде де бар. Ол – қазақтың бойына біткен әншілік. Әлде Алланың берген сыйы ма, әлде кең-байтақ далада өмір сүргендіктен ештеңеден қысылып-қымтырылмай дауысын еркін жіберіп дағдыланғанының арқасы ма, әйтеуір біздің ұлтымыздың әндері әуезді, кең тынысты болып келеді. Ондай ғажап әндерді өмірге келтірген адам оларды нақышына келтіріп орындай да білуі тиіс. Сондықтан да қазақ ұлты басқа-басқа, нағыз әншіге ешқашан кенде болған емес.