Сұхбат • 14 Мамыр, 2019
Гөзел Құлжабаева: Көгалдандыру ісіне бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады
Қаланы көркейте түсудің бір тетігі – талғаммен жүргізілген көгалдандыру ісі. Егер бұл шаруа тиімді ұйымдастырылса, мегаполистің миллиондаған қаражаты үнемделетіні анық. Арықтарды арнасына бұрып, тақыр жердегі туған ауылын адам танымастай өзгерткен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры Гөзел Құлжабаеваны әңгімеге тартқан едік. Кәсіпкер төрт жыл бұрын Алматы облысы Кербұлақ ауданының Басши ауылында еліміздегі алғашқы тақырыптық «Абай бағын» отырғызды. Басшиге барғанымызда, бүкіл Қазақстанның көбелегі Құлжабаеваның ауылына ұшып барғандай әсер қалдырған-ды. Бүгінде оның демеушілігімен бұл өңірде 2 гектар жерде қарағайлы бақ, 7 гектарда көктерек орманы, халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың құрметіне отырғызылған 5 гектар алма бағы, 10 гектарда «Батыр аналар» саябағы қоса жайқалып тұр. Ауылдың мектептері ботаникалық баққа айналды.
Медицина • 14 Мамыр, 2019
Сусамырдың алғашқы белгісімен күрес әлемдік сипатқа ие
Өмір сүру салтының, тамақтану мәдениетінің өзгеруі белгілі бір дерттердің белең алуына әкеліп отыр. Кез келген кесел емдемесе қауіпті, алайда сусамырдың бастапқы белгілерімен бірден күреспесе, жүре келе жазылмас ауруға, мүгедектікке, тіпті ажалға душар ететінін көзі ашық адам біледі. Мәселен, оның басы – диабеталды ауруы.
Экономика • 14 Мамыр, 2019
«Браунис» – тәтті шоколадтар мекені
Бүгінде бизнесте айдарынан жел ескендердің көбінің артында алтын жылғаның үстінде отырған әке, қарға тамырлы байланысы бар күштік құрылым тұрғандай сезінетіндер бар. «Әкімнің баласы әкім, генералдың баласы генерал болады» деп шегелеп қоятындар да жетеді.
Экономика • 14 Мамыр, 2019
Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – уақыт талабы
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеттерінің бірі – цифрландыру. Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында аграрлық секторды жаңа технологиялық деңгейге көтеру, өсімдікті қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштарды енгізудің озық жүйелеріне, цифрлық технологияға өтудің қажеттігі атап өтілген болатын.
Сайлау • 14 Мамыр, 2019