Қазақстан • 15 Мамыр, 2019
Үгіт жұмыстары заңнамаға сәйкес жүргізіледі
Бүгінде Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын сапалы әрі сындарлы ұйымдастыру үшін барлық талаптар заңға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Соған сай Орталық сайлау комиссиясының негізгі міндеті де – еркін және әділ сайлау мен республикалық референдумдар өткізу арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету. Сөйтіп ел аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды және оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2019
Сайлауалды науқан Қазақстанның барлық өңірін қамтыды
Сайлауалды үгіт-насихат науқанының басталғанына төрт күн болды. Еліміздің барлық аймағында президенттікке кандидаттардың қоғамдық штабтары белсенді жұмыс істеп жатыр. Біраз жұрт үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып, алдағы жоспарларынан хабардар болып қалды.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Жас кезімде көнекөз, кәріқұлақ қариялардан естіген мына бір әңгіме есіме жиі түседі.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
«Отбасы – мемлекеттің тірегі» дегенді жиі естиміз. «Орман-тоғай жап-жасыл болып жайқалуы үшін ондағы әрбір терек бүр атуы тиіс» деген тәмсілді мемлекеттік дәрежеде де мысал етуге болар еді. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Елі мықтының белі мықты немесе орта тап – мемлекеттің орнықты дамуының негізі
Қазақта «Елі мықтының белі мықты» деген бұрынғыдан қалған сөз бар. Бүгінгі заманда бұл мақалдың мәнін кез келген мемлекеттің қуатты болмағы орта тап үлесінің өсуіне байланысты деп түсінуге болады. Өйткені әлеуметтік стратификацияда орта тап – қоғамда тәртіп пен тұрақтылықтың, экономика дамуының тірегі.