Тарих • 28 Ақпан, 2026
Әр дәуірдің, тіпті әр жылдың топ жарғандары болады. Олардың атқарған ісі, өнегесі өлшеусіз. Тіршілігінде биіктігімен, кемелдігімен көрінеді. Алдыңғы толқын мақтан етсе, тұстастары тұғырының мықтылығына сүйсінеді. Кейінгі толқын үлгі етсе, жастар ұқсап бағуға талпынады. Болмысы бүтін жаратылған азаматтың бойында мұндай құбылыс білім мен білік ұштасқанда, шын дарын жан-жақты ісімен толысып танылғанда шоқ жұлдыздай жарқырап шығады.
Саясат • 28 Ақпан, 2026
Энергетикалық тәуелсіздікке жүйелі бетбұрыс
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оған Президент Әкімшілігі, Үкімет аппараты өкілдері, Парламент депутаттары, Энергетика министрлігінің басшылығы, ұлттық компаниялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қатысты.
Салық • 28 Ақпан, 2026
Салық кодексі: Алғашқы айдағы кіріс қандай?
Елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енгелі екі ай уақыт өтті. Үкіметтің болжамынша, реформаның нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түсуге тиіс. Көлеңкелі экономикадан да шамамен 3–4 трлн салық алуға болады. Бұл межеге шынымен жете аламыз ба? Алғашқы айлардағы түсімдер қандай болды, қазынаға қанша қаржы құйылды?
Саясат • 28 Ақпан, 2026
Мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылына негізделген жоба
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.
Өндіріс • 28 Ақпан, 2026
Шетелде сұранысқа ие отандық бастамалар
Кейінгі жылдары өңірлік өндіріс жаңа бағытқа бет бұрды. Өнеркәсіп саласы енді көлемге емес, цифрлық технологияның түлеуіне ден қойды. Жасанды интеллект пен цифрлық жобалар IT-алаңнан шығып, зауыттағы станоктың шанағына келді. Ақылды құрылғылар өндіріске айтарлықтай өркениет сыйлап, инженердің уақытын үнемдеп, қауіпсіздікті бақылап отыр.