Саясат • 27 Ақпан, 2026
Білім саласын жетілдірудің басымдықтары белгіленді
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.
Экономика • 27 Ақпан, 2026
Көмір генерациясы энергетикалық қуатты күшейтеді
Көмір – расында стратегиялық актив. Бірақ стратегиялық активтің құндылығы оны қалай және қаншалықты тиімді пайдалана алатынымызға байланысты. Павлодар облысы бүгін көмір генерациясына сүйене отырып, энергетикалық үстемдігін күшейтуді көздеп отыр. Қысқа және орта мерзімде бұл шешім экономикалық тұрғыдан тиімді. Алайда ұзақ мерзімде экологиялық әрі технологиялық трансформациямен қатар жүруі шарт.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Бюджет-салық саясатының жаңа бағдары
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасына қатысып, бюджет-салық саясатының басымдықтарын белгіледі.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2026
Еліміздегі агросектор бір ғана астықпен өлшенетін кезеңнен өтті. Бүгінде ел әлемдік нарықта күнбағыс майын экспорттаушы ТОП-ондықтың 8-сатысына көтеріліп, ал Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын жеткізуде алғашқы үштікке енді. Ендігі міндет – шикізатты сыртқа шикілей шығара бермей, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды арттыру.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауыл округінде орталықтандырылған ауызсу жүйесінің болмауы тұрғындарға қиындық тудырып келген-ді. Ауыл тұрғындары ұзақ уақыт бойы ашық су көздері мен жеке құдықтарды пайдаланып, тасымалдау арқылы ауызсумен қамтылған еді. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Жібек жолы, Зортөбе, Сарқырама, Жаңақұрылыс және Қарабау елді мекендерінде ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде аталған ауылдар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауызсу ғана емес, ауылдар бүгінде тұрғындардың жайлы тұрмысына қажетті сапалы инфрақұрылыммен қамтылған.