Қоғам • 07 Наурыз, 2026
«Қызды гүлге теңеп жазған ең бірінші ақын – нағыз ақын», депті түркі халықтарының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында, гүл мен ару – егіз ұғым. Раушан, Қызғалдақ, Нарғыз, Қалампыр, Райхан секілді есімдер нәзік жандыларға ғана жарасқан соң қойылады. Гүл сөзі біріккен ару аттары қаншама? Әрбір әйел затының өзіне тән талғам-мінезі болатыны секілді, әрбір гүлдің де өзіндік мән-мағынасы, сыйлау әдебі бар. Әрбір нәрсе әдебімен әдемі ғой қашанда.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Сенатта Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Басқосуда палата төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестерін құттықтап, оларға еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан жасампаз үлесі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Аналар мерекесі қарсаңында айтулы кездесу өтті. Қазақ қаламгеріне жар бола жүріп, бар мұрасын тірнектеп жинап, жарыққа шығарғаны өз алдына, әулет іргесін сақтаған ананың жолы қашанда айтуға тұрарлық емес пе? Көсемсөз ұстасы, айтулы аудармашы Марал Хасен ағамыздың жары Рымбала Смайылова – сондай сирек жандардың бірі.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау маңызды
Кеше бочча спортынан еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир мәресіне жетті. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанадағы жаңа Инклюзивті спорт орталығында өтті.
Мереке • 07 Наурыз, 2026
Серіктестік сұлуларына ілтипат
Аналар мен арулар мейрамында ұжымдағы қыз-келіншектерді құттықтауды «Қазақ газеттері» серіктестігі әдеттегідей «Egemen Qazaqstan» ғимаратында ұйымдастырды. Осындағы «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газетінің ерлері ару әріптестерінің қолына гүл ұстатып, жырдан шашу шашып, ән салып, мерекелік көңіл күй сыйлады.