Рекорд • 19 Наурыз, 2026
11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді
Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар
Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын тойлайды. Бұл айда Самарқанның тасы сияқты адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-ренішті ұмытады.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанның конституциялық моделі тұрақты әрі заманауи мемлекет қалыптастыру жолында
Maqsut Narikbayev University алаңында отандық және шетел сарапшыларының басын біріктірген дөңгелек үстел тақырыбы осылай аталды. Еліміздің жаңа конституциясын талқылауға арналған іс-шараны ұйымдастырушы – Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты. Сараптамалық дөңгелек үстел жұмысына ҚСЗИ директоры Жандос ШАЙМАРДАНОВ, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш ЖАМАНҚҰЛОВА, ҚСЗИ өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина ҮРПЕКОВА, сондай-ақ шетел сарапшылары – Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто ТУРКСТРА, Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, дипломатия және халықаралық құқық сарапшысы Давид АПЦИАУРИ, Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр ХИЛЛ (АҚШ), Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей КАЗАНЦЕВ қатысып, конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.
Экономика • 18 Наурыз, 2026
Саннан сапаға көшу – бизнесті өркендетудің басты шарты
Шағын және орта бизнес ел экономикасындағы ең серпінді саланың біріне айналды. Оның ІЖӨ-дегі үлесінің артуы кәсіпкерліктің саны жағынан тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен сарапшылар ендігі басты міндет бизнесті жаңа деңгейге көтеру екенін айтады.
Таным • 18 Наурыз, 2026
Түгел түркіге ортақ ұлыс мейрамы
Әз Наурыз – түркілердің төл мерекесі. Десе де, бұл мейрамның пайда болуын түркілерден алыстатып, тарихтағы мөлдір бұлақтай бастауларын шығыс халықтарынан немесе парсылардан іздеп, Ұлыстың ұлы күнін жат жұртқа теліп жүрген жоқпыз ба?