Білім • 19 Наурыз, 2026
Жаңғырудың жеті жылы: Тұрақтылық пен даму
Қазақстан тарихының жылнамасында әр кезеңнің өз жүгі мен жауапкершілігі бар. Алайда кейінгі жеті жыл еліміз үшін кеше мен ертеңнің арасын жалғаған іргелі трансформация мен ұлттық жаңғырудың маңызды кезеңі болды.
Пікір • 19 Наурыз, 2026
Азаматтық жауапкершілікті ұстанып, ел болып жұмылған жұмыстың негізінде 15 наурызда Ата заңды қолдағандар 80 пайыздан асты. Кеше ғана салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямызды қабылдады. Халықтың кең қолдауымен қабылдануы негізгі құжаттың легитимдігін арттырады және реформаларды жүзеге асыруда тұрақты негіз береді.
Медицина • 19 Наурыз, 2026
Кейінгі деректерге көз жүгіртсек, елімізде трансплантация жөніндегі күту парағына 4506 пациент тіркелген. Осы тізімде бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығып, диализдің көмегімен жүрген азаматтардың үлесі – 4052 адам, оның 94-і бала. Елімізде ағза донорлығына қатысты кезекте тұрғандардың 90%-ға жуығы бүйрекке мұқтаж. Ең өкініштісі, жыл сайын ауру әбден меңдеген 300-ден астам пациент тізімнен түсіп қалса, сырқаты асқынған өзге пациенттер олардың орнын басады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2026
Абылай хан дәуірінің тың деректері
Абай өңірінің көне тарихы кейінгі жылдары археологтер мен зерттеушілердің назарын ерекше аударып отыр. Семейдегі Шәкәрім университетінде болған республикалық ғылыми конференцияда осы өлкенің тарихи-археологиялық мұрасына қатысты алғашқы зерттеу нәтижелері жарияланып, жаңа деректер ғылыми айналымға ұсынылды. Ғалымдар далалық қазбалар мен архивтік құжаттарға сүйене отырып, Абай даласының көне өркениеттік қабаттарын және Абылай хан дәуіріне қатысты тың тарихи мәліметтерді де ортаға салды.
Марапат • 19 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды.