Саясат • 19 Наурыз, 2026
«Жаңа Конституция – орнықты дамудың кепілі». Осындай атаумен Президент іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтында дөңгелек үстел жиыны өтті. Отырыста сарапшылар мен депутаттар референдум қорытындыларын саралап, Негізгі заңның елдің саяси және құқықтық дамуына ықпалын талқылады.
Пікір • 19 Наурыз, 2026
Елдіктің ерен белгісі, бірліктің терең көрінісі болған республикалық референдум мемлекеттік мерейімізді тасытып, мәртебемізді асырып отырған осынау күндерде біз алуан-алуан ойға берілеміз. Сол ойлардың бір саласы Заң мен тәртіптің алтын арқауы аталатын Конституцияның қадір-қасиетіне, жалпы конституционализм ұғымының ұлағатына қатысты. Адам өміріндегі де, қоғам өміріндегі де, заман тынысындағы да әрбір қадам осы құжатқа келіп тіреледі, бәрін де Конституцияда көзделген қағидаттар айқындайды.
Ата заң • 19 Наурыз, 2026
Ұлт келешегін айқындайтын құжат
2026 жылдың шымылдығы ел тағдыры мен тарихы үшін айрықша маңызы зор оқиғалармен түрілді. Қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде конституциялық реформалар басталатынын жариялап, соның аясында арнайы құрылған комиссия жаңа Ата заң жобасын әзірледі. Осылайша, халықтың қолдауымен бүгінгі заман талаптарына толықтай жауап беретін жаңа Ата заңымызды қабылдадық. Президент оны «Халық Конституциясы» деп атады.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2026
Ерлан Қошанов: Халқымыз тарихи таңдауын жасады
– Құрметті Ерлан Жақанұлы, «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттеріне сұхбат беруге уақыт тапқаныңызға ризашылық білдіреміз.
Пікір • 19 Наурыз, 2026
Еліміз тарихи кезеңге аяқ басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен жаңа Конституциямыз қабылданып, мемлекет дамуының берік құқықтық іргетасы қаланды.