Пікірлер
Елдік сана ертегіден басталады
«Ертегі уатпай ма баланы да,Сөз сиқыр ғой – жазбай ма жараны да...Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,Еркімен өзі-ақ отқа барады да...»Атақты Мағжан Жұмабаев осы шумақтарында баланы ақынға, ақынды балаға теңейді.
02 Шілде, 2025
Жетінші сыныпта оқып жүрген кезімде анамның әпкесі екеуміз Алматыға келіп, су жаңа костюм-шалбар сатып алдық. Нағашым артынша жейде мен галстук әпермек болды. Мен костюмді теледидардан күнде көріп жүрген журналистер сияқты жағасыз футболкамен кигім келетінін айттым. Бірақ сол сәтте сыртқы пішіннің журналист-қаламгер болуға еш септігі тимейтінін ойламаппын.
28 Маусым, 2025
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның айнасы, қайнаған пікір алаңы десек те, қалың жұртшылық айналадағы көп мәселенің көтерілу-көтерілмеуін, шешілу-шешілмеуін қалам ұстағандармен байланыстырады. Дұрысы, үміт етеді. «Топ бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер қайда?» деген сыңайда... Бір қызығы, талай елдің қайраткерлері саяси билік олимпіне шыққанға дейінгі қоғамдық қызметін «публицист» деп көрсетіпті. Бұл латынның халық пен қоғам ұғымынан өрбитіні түсінікті.
28 Маусым, 2025
Әлі есімізде, 2020 жылдың ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы негізінен дүнген этносы шоғырланған бірнеше ауылда үлкен дау болды. Ал дүрбелеңнің негізгі себебі Сортөбе ауылында он шақты дүнген жігітінің жасы 80-ге таяған қазақ қариясын қос ұлымен қоса сабағаны болды. Ертесіне сол сортөбелік тұрғындардың облыс орталығынан жедел жеткен полицейлерге бағынбай, тіпті заң өкілдеріне күш көрсетіп, балағаттап, басынғандары жағдайды одан әрі ушықтырды.
21 Маусым, 2025
Зейнеткерлік бейнеттен құтқара ма?
Зейнеткерлікке шықты. Қызметтестері, басшылық иығына шапан жауып, бір сөлкебайды кеудесіне тағып шығарып салды. Талап солай. Қайтесің енді? Зейнетақы мардымсыз. Отбасы бірер айда-ақ қаражат жетімсіздігін сезінді. Нәпақа табар жұмыс іздеді. Тапты. Жалақысы – қанағат. Сонымен, жалпы айлық кірісі – зейнетақысы мен қазіргі айлық-шайлығын қоса есептесе, бұрынғы еңбекақысына жетіп жығылады...
20 Маусым, 2025
Сенім. Осы ұғымның соншалықты маңызды екеніне мән бермейміз. Сондықтан қоғамда, өзара қарым-қатынаста, мемлекеттік шаруаларда жақсы жетістіктерге жету, адамгершілік құндылықтарды жоғары шығару бағытындағы істерімізді жүргізуде ақсап жатамыз. Егер өз ортаңда, қоғамда сенім басты құндылық ретінде орнықса бар игілік сонда ғана орнайды.
06 Маусым, 2025
«China Daily» газетінде жарық көрген «Неліктен біз барлық мемлекеттік рәмізді құрметтеуіміз керек?» (Why we must respect all national symbols?) деген мақаланың авторы Пол Суртис мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеу үлкен қорлық екенін айтады. Әлемнің әрбір елі өзінің де, өзгенің де елдік нышандарына ілтипат білдіріп жүруі керек. Өйткені бұл – заңмен бекітілген, құрметтеуге лайық белгілер.
04 Маусым, 2025
Дамыған және дамушы елдің арасы...
Әдетте қателік жасап, шалыс басқан адамды жас қой немесе тәжірибесі аз, әлі оңы мен солын танымады деп, тағы басқа «дәлелдер» айтып ақтап алуға тырысамыз. Ол адам бұдан сабақ алып, қайталамауға тырысады, болмаса керісінше, сол қатесімен өмір сүре береді. Бұдан бір адам ғана зардап шегеді. Ал адамның орнына біртұтас мемлекетті алсақ, шалыс басқан ісін тез арада жөнге келтірмесе, миллиондаған тағдырға балта шабары сөзсіз. Осы орайда қателесетін көбіне-көп дамушы елдер ғана. Өйткені олар жаңа нәрсеге құмар келеді, қуыс кеудені әлі зерттеліп, зерделенбеген дүниемен толтыруға асығып тұрады.
27 Мамыр, 2025
Кейінгі уақытта ғалымдарды әлеуметтік қолдау күшейіп келеді. Соның бір дәлелі болар, біраз зерттеуші ешқандай пайызсыз, ипотекасыз, алғашқы жарнасыз, теп-тегін пәтер алды. Хабарлардан медицина, медиа, әскери, басқа да сала мамандарының да түрлі тиімді бағдарламамен үйлі болып жатқанын естиміз. Қуанамыз, әрине, бірақ соны кімдер алып жатыр? Үміткерді таңдау тәртібі мен беру талабы нағыз иесін табуға ықпал ете ме?
15 Мамыр, 2025
Ерте, ерте, ертеден ескерткіш атаулыны қадір тұтқан елміз. Қиян даламыздың қай қиырына барсаңыз да, қисапсыз мол мәдени мұрамыздың үздік үлгілерін кездестіресіз.
18 Сәуір, 2025
Ықылым заманнан бері халқымыз елдігінің басты рәмізі – байрағын ерекше қастер тұтып келеді. Бұл туралы атақты Сүйінбай ақыннан асырып айтқан ешкім жоқ шығар.
04 Сәуір, 2025
Жыл сайын Наурыз қарсаңында қалың жұрттың жадыраңқы көңіл күйін көріп, жақсылықтан үміттенеміз. Оның үстіне кейінгі уақытта әр өңірде түрлі форматта өткізіліп жүрген мереке іс-шаралары «Наурызнама» деген атаумен бірізге, жүйеге түсе бастады. «Нама» – хат мағынасын беретін атау. Наурыз хаты, жаңа күнді қарсы алудың бағдарламасы мен хаттамасы, Ақаңша (А.Байтұрсынұлы) айтсақ, жосығы.
22 Наурыз, 2025
Біз әдетте әйел тұлғасы немесе әйел заты десек, ойымыздың түкпірінде отбасының алтын арқауы мен берекесі тұрады. Сонымен бірге ұлт танымында «ана» ұғымы «елдік дәстүр» құндылығының мән-мағынасын толықтырады.
08 Наурыз, 2025
Адам жаратылысы күрделі. Ол әркез сүйіспеншілік, таңғалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат, т.б. сезімдер жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Яғни жоғарыдағы әрқилы сезім құбылысын тізгіндеп, реттей білген кісі бақытты отбасын құра алады.
07 Наурыз, 2025
Піл сөздігі бар, жылқы сөздігі ше?
Ғылым кейде ештеңеге бағынбайтын ережелерден тұратындай елестейді. Біз өмір сүріп жатқан мына ғаламда әр адам өзінше жаңа тыныс ашқысы келеді. Әлденеге жаңа көзқараспен қарауды ұнатады. Сол үшін де ғылымның бір аты – ізденіс дегеніміз дұрыс болар.
21 Ақпан, 2025
Еліміздің солтүстік пен орталық өңірлерінде аяздың себебінен сабақ болмайтынын біле қалса, оқушылар қос қолын көтеріп қуанатынын көз көрді. Мұғалімдердің ішінде де (таныс педагогтерден, әрекетінен) арқаны кеңге салатындардың барын білеміз. Ата-аналар арасында да таңмен таласып, қарлатып, борандатып баласын мектепке тасығысы келмейтіндіктен, білім басқармасынан «сабақ бүгін де болмайды» дегенді күтіп отыратындар жетерлік.
05 Ақпан, 2025
Бір сәт терезе сыртындағы ағаштарға көз салыңызшы, олар да жалғыздықтан жабырқайтын сияқты сезіледі. Мүмкін олар өн бойынан өсіп шыққан жапырақтарды, бұтақтарына қонатын құстарды аңсайды. «Жалғыздық деген – өз-өзіңмен бетпе-бет келу», депті бір данышпан. Дұрыс та шығар. Ал бұл ұғымды рухани еркіндіктің бастауы деген түсінікпен қабылдайтындар да жоқ емес.
04 Ақпан, 2025
Баспасөздің анықтамасы баршаға аян. Баяғыдай тасқа басылып тарайтын газет-журналдың жиынтық атауы. Ал өзімізше өгейсітіп, басқа сөзге балап отырғанымыз: радио, теледидар, фейсбук, инстаграм, тик-ток, тағысын тағылар. Уақыт ұршығында ұтымды айналып, бейбітқатар өмір сүруге әбден лайық бренд пен тренд.
01 Ақпан, 2025
Әлеуметтік желіде мұсылман мемлекеттерінің ғылым мен білім дамуында артта қалуын діннен көріп: «Ислам бізді орта ғасырға сүйрейді», «Дін – қараңғы ін» деп пікір топшылаған постарды жиі көзіміз шалады. Қайсыбіреулердің ата-бабадан қалған рухани құндылықтарымызды аяққа таптап жатқанын көргенде жаның күйзеледі.
30 Қаңтар, 2025
Спартандықтардың тапқырлығы ретінде жиі айтылатын мына бір сөзді есіме алған сайын бізге әр мәселені өзгеше ойлау мен түйіндеудің ауадай керек екенін түсінемін. Аталған аңыздың ұзын-ырғасы мынадай. Бірде Македония патшасы ІІ Филипп грек қаласының тұрғындарына былай деп хат жазады: «Тез арада маған бірден бағыныңдар. Егер әскерім сендердің жерлеріңе басып кірсе, барлық егін, бау-бақшаларыңды құртады, ұлдарыңды құл, қыздарыңды күң етуге де дайынбыз», дейді. Спартандықтар оған бір ауыз сөзбен жауап қайтарады: «Егер...».
21 Қаңтар, 2025