Редакция таңдауы
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде тарихшы-профессор, жазушы, газетіміздің белсенді авторы Тұрсынхан Зәкенұлының ғылыми шығармашылығына арналған «Шығыс өркениетін зерттеудің дәстүрі мен жаңа парадигмалары» атты халықаралық конференция өтеді. Ғалымның сиясы кеппеген «Он оқ ордасы» зерттеу мақаласын оқырманға ұсынып отырмыз.
31 Қазан, 2022
Қайраткер қаламында – қазақ тағдыры
ХХ ғасырдың бас кезінде ел арасында азаматтық үні қалыптасып, қайраткерлік қыры ашыла бастаған Ахмет Байтұрсынұлы бір ғана оқытушылық қызметпен ұлы мұратына жете алмасын түсінді. Орыс патшасының тағы шайқалып, дәурені аяқталар алмағайып заманда Ақаңның мұғалімдік жұмысын уақытша тоқтатып, журналистиканы таңдауына тура келді.
31 Қазан, 2022
Нарынның құмында туып, ел тарихында өрлігімен ізін қалдырған, өнерімен ел аузына іліккен, ұлтымыздың жыраулық өнері өкілдерінің бірі Алмажан Азаматқызы қазақтың өжет те қайсар қыздарының озық үлгісі іспетті. Ақын қыздың өлең-жырлары көп болған деседі. Алайда бүгінге жеткен жалғыз шығармасы – «Жетім қыз» атты поэма.
31 Қазан, 2022
«Қалғып кетпе, қазақы қағанатым!»
Қазіргі қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақындарының бірі, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты Жүрсін Ерманның таңғы шықтай мөлдіреген өлеңдері ойшылдығымен, сыршылдығымен бірден баурап, оқырманды елітіп әкетеді. Оны басқа ақындардан даралап тұратын тағы бір қасиеті – шынайылығы болса керек. Ол не айтса да «жүрегінің түбіне кір жасырмай» ақтарылып жазады.
31 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті.
31 Қазан, 2022
Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін Президент Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы ПІБ сайтына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Үндістандағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 141-ге жетті
Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Business Insider басылымына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Жанар-жағармай бағасы ең жоғары қалалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды
Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі Дмитрий Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2022
Біздегі шағын және орта бизнестің шаруасы бір түзеліп кете алмай-ақ қойды. Себеп – қаржыландыруда. Енді еңсе тіктей бергенде – пандемия, одан арылып қайта көктейін деп жатқанда геосаяси ауыртпалық келіп тізерлетіп кетті. Үміт – микроқаржылық ұйымдарда. Аталған қаржы ұйымдары экономикаға кредиттік қолдауды күшейтуде көп көмегін тигізіп жатыр. Соңғы бір жылда бұл нарықтың қарыз портфелі 58 пайызға артқан. Осының өзі МҚҰ-лар әлеуетінің кәдімгідей өскенін көрсетеді.
31 Қазан, 2022
5 миллионнан астам салымшы өтемақы алады
Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанына дейін ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10 пайыз көлемінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Сыйлықақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек.
31 Қазан, 2022
«Лу Бань шеберханасы» іске қосылмақ
Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселесі жақында ҚХР-да талқыланып, екіжақты келіссөз нәтижесінде елімізде Қытайдың «Лу Бань шеберханасы» ашылатын болды.
31 Қазан, 2022
АҚШ-тың Демократиялық партиясының депутаты Ричард Блюменталь Сауд Арабиясы АҚШ-тың құпия қорғаныс технологиясын Ресеймен бөлісуі мүмкін екенін айтып, осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді. «Бұл бізге «кері әсерін» тигізуі мүмкін», деп дабыл қақты сенатор Ричард Блюменталь.
30 Қазан, 2022
Салық режімі стандарттарға сай
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қолайлы және сенімді реттеушілік базаның жарқын мысалы бола алады. Өйткені оның нормативтік құқықтық негізі Ұлыбританияның, Сингапурдың, Гонконгтың, Біріккен Араб Әмірліктерінің үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген. Англия мен Уэльстің ортақ құқығына негізделген АХҚО заңнамасы Қазақстанда бизнесті қауіпсіз жүргізу үшін барлық жағдайды жасайды.
30 Қазан, 2022
Шығынға ұшыраған әлемдік қорлар
Сарапшылардың айтуынша, әлемнің көптеген елінде, соның ішінде дамыған елдердің өзінде ұлттық қорлардың шығыны көбейе бастады. Барлық ірі әлемдік индекстер құбылмалы болып тұр және оның соңы құлдырауға әкелуге көшті. Мысалы, британиялық қор биржасының индексі FTSE 100 жыл басынан бері 20 қыркүйекке дейінгі аралықта 4,2 пайызға төмендеп кетсе, америкалық қор индексі US 500 Cash 19,3 пайызға төмендеген.
30 Қазан, 2022
«Астана Опера» театрында «қазақтың бұлбұлы» атанған опера сахнасының аңызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай «Қазақстан вокалистер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күләштің әні» вокалдық музыка кеші өтті. Тұлға есімін ұлықтауға арналған тағылымды концертте, сондай-ақ ұлы әншінің шығармашылығын насихаттап жүрген орындаушыларды салтанатты марапаттау рәсімі болды.
30 Қазан, 2022
Ұлттық идея және тарихи деректер
Ұлтымыздың өзін өзі танып-білуге талпынысы – байырғы түркілерден бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Арғы бабаларымыз шыққан тегін, тағдыры мен тарихын, қуанышы мен қасіретін «мәңгі тасқа» қашап жазса, беріде шежіре тарқата сөйлеу дәстүрі орнықты. Орта ғасырлардан жеткен «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме» дастаны, Ж.Баласағұнидің «Құтты білік», М.Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридің «Жами ат-тауарих», З.Бабырдың «Бабыр-наме» кітаптары қазақтану жолындағы асқаралы белестер екені сөзсіз.
30 Қазан, 2022
Алматыда биылғы ISU Challenger-дің 7-кезеңі саналатын Денис Тенді еске алуға арналған ІІІ халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл бәсекеде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жүлдеге ие болды.
30 Қазан, 2022
БАҚ бағыт-бағдарындағы сілкініс
Astana Media Week 2022 медиа апталығына қатысқан кез келген отандық журналистер де, шетелдік сарапшылар да іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгенін растап отыр. БАҚ-тың бағыт-бағдарын айқындаған пленарлық сессиялар, салаға серпін берер пікір алмасулар, жаңа таныстық, жаңа жоспарлар... Қысқасы, бұл бір журналистер қауымы ұзақ уақыт әңгіме етер жайдары әрі пайдалы жүздесу болды.
30 Қазан, 2022