Редакция таңдауы
немесе швейцариялық жиһанкез Элла Майардың Қазақстаннан түсірген суреттері туралы Тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуда «Архив – 2025» бағдарламасы аясында отандық архив қорлары тың деректермен толығып келеді. Осы орайда алыс-жақын шетел архивтеріндегі қазақ халқының тарихына қатысты деректерді елге жеткізу, ғылыми айналымға енгізу осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсетіні анық.
09 Қаңтар, 2023
Тарих қалай тіл қатса, біз де солай сөйлейміз. Қайран, Мамания мектебі! Қазақ баласына алғаш әліппе үйреткен әулие шаңырақ. Алаштың алыптарына ақуыз білім беріп, ақтолқын жылдардың азабын көтерген топырақтың бүгінде шаңы шығып жатыр. Қасиетіне қазақ бойлай алмады, әй бойлай да алмас... Тек есті естелік қана Маман байдың мәртебесін менмұндалайды. Сондай бір өнегелі деректер «Ақсудың Алтынсарині» атанған Бұғытай Айсеркеновтің күнделігінде қатталған екен. Ендігі сөз сол жайында.
09 Қаңтар, 2023
Қуатты армия тірегі – берік тыл
Қарулы күштердің жауынгерлік қабілеті тылының берік, әскери инфрақұрылымының заман талабына сай дамуына тікелей байланысты. Бес қаруы сай, киім-кешегі бүтін, азық-түлігі құнарлы әскер жауынгерлік дайындықтан өзгеге көңіл бөлмесе керек. Сол себепті материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласы мамандарының арқалаған жүгі ауыр, жауапкершілігі салмақты. Осы қызметтің өзіне тән ерекшелігі мен қыр-сыры жайлы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласовпен әңгімелескен едік.
09 Қаңтар, 2023
Маман даярлау: ізденіс пен іркіліс
Білім беру саласындағы терең, жан-жақты зерделенбеген сынақтар салдары қордаланған мәселеге ұласып, шешілу жолдары әлі күнге дейін тығырыққа тіреліп тұр. Нақты айтқанда, еліміздегі білім беру жүйесі жиі реформалар жүргізілетін сынақ алаңына айналған.
09 Қаңтар, 2023
Кеңестік «жылымықтан» кейін кеңес одағы халқы еркіндікті ептеп сезіне бастады. Сол тұста Мәскеуде оқитын ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған жастар Мұрат Әуезовтің төңірегіне топтасты. Бәріне себепші ұлы Мұқаң болса керек... Әкесімен хат жазысып, пікір алыс барысында Мұрат Мұхтарұлы көп толғанды. Ол қазақтың дамымай, тарих толқынынан жағаға шығып қалу себептерін іздеді. Ұлтының тарихын білуге ұмтылды. Қоғамның саяси жүйедегі өзгерістерден тыс қалып отырғанын зерттеді.
09 Қаңтар, 2023
Өзара ынтымақтастық – экономика алғышарты
ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық республикасының арнайы делегациясы Жетісу облысымен әріптестік меморандумға қол қойды. Құрметті қонақтарға арналған дөңгелек үстел отырысын жүргізген облыс әкімі Бейбіт Исабаев екі елдің арасын біріктірген экономикалық, мәдени, рухани байланыстарды таныстырып, Жетісу жерінің жетістігін алға тартты.
09 Қаңтар, 2023
Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы өсті
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж мұғалімдерінің, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы 25 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2023
Студенттердің шәкіртақысы екі есе ұлғаяды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство алқасында қазақстандық студенттерді қандай жаңашылдықтар күтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2023
Биыл ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу ақысын көтеру мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2023
Жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан, еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2023
Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі
2022 жылы республикалық бюджеттен 4700 білім гранты бөлінді, оның 1500 гранты резидентураға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2023
Қазақ ән-күйін тыңдап жүрген ойлы құлақ пен сезімтал санаға Дәулеткерей Шығайұлының күйлері өзгеше әсер қалдырары сөзсіз. Атақты Бапас (Дәулеткерей) дегенде не түседі есіңізге? Не түспейді Дәулеткерей дегенде еске? Ұлы даланың бүгінгі бір шеті, кезіндегі кіндік ортасы Бөкей ордасынан ақ боз атын ойқастатып Әбілқайыр хан бастаған сұлтандар шыға келгендей елестейді. Ұлтының ары мен жұртының тұтастығына бола ту көтерген ақсүйек тұқымның асыл мұраты атой салады. Күй өнеріндегі төре тартыс, соны жосын не ғаламаттарға жетелейді. Ұлттың табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын деп өскен алтын әулет маңдайына тұтқан ақсүйек өнер салтанат құрады. Бұл айтқандарымыздың өзі үстірт болар еді. Асыл тек, ақсүйек өнер осы құбылыстар ғана ма? Сол асыл, бекзада текке тән махаббат пен мінез. Қысқасы бойлап болмайды, тек күйлерін тыңдай-тыңдай тәрбиелену керек. Сондай асқақ әрі кірпияз сана мен рухқа құлаш ұра алса қандай ғаламат?!
06 Қаңтар, 2023
Жеңді білектей қазы мен туырылып түскен қартаға аңсары ауып тұратын ағайынның бағалы балыққа да қарық болатын түрі бар. Балық болғанда да балаң үйректің басындай шабақ емес, дәмі тіл үйіретін форель.
06 Қаңтар, 2023
Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді.
06 Қаңтар, 2023
Уәлиханов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, еліміздің Павлодар, Ақмола және Ресейдің Омбы облысымен шектесетін жер көлемі ірі аудандарының бірі.
06 Қаңтар, 2023
Тамшылатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы. Егін шаруасымен айналысатын кәсіп иелері осы тәсілдің пайдасын жақсы түйсінеді. Әйтсе де, суару машиналарына шамалары жете бермейді. Осы ретте Жетісуда жаңбырлатып суару қондырғыларын шығаратын кәсіпорын ашылмақ. Оның құны сырттағы бағамен салыстырғанда екі есе төмен. Қазір осы мақсатта Түркиядан келген инвесторлармен іскерлік келіссөздер жүргізіліп жатыр.
06 Қаңтар, 2023
Микроқаржы ұйымы банкке айналмақ
Көпшілікке «Solva» брендімен танымал «ОнлайнКазФинанс» микроқаржылық ұйымы компанияны банкке айналдыру арқылы өз еркімен қайта құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтында хабарланды.
06 Қаңтар, 2023
«Қалқаман-Мамыр»: сирек жанрдағы премьера
Шәкәрім – өткен ғасырдағы ең құпия, ең тылсым есім. Ұлтын ағарту жолында адамдық борыш үшін күрескен қайраткер тұлғаның поэмалары ойлы оқырманның алтын қазынасына айналды. «Астана Опера» театрында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы желісі бойынша жазылған «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің премьерасы өтті. Композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасымен әрленген қойылым 28-29 желтоқсанда көрерменге жол тартты. «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин болса, қоюшы режиссер – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.
06 Қаңтар, 2023
«Балалар жазушысы» деген – жаңсақ түсінік
Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
06 Қаңтар, 2023
Абай мұрасы: Дүние бос па, әлде дос па?
Абайды сәл ғана атүсті оқысаң, өлеңінің де, қара сөзінің де мағынасы ауысып, басқа ой-идеяға жетелеуі мүмкін. Ол Абайдың сөз қолдану ерекшелігінде жатса керек. Ақын жазғанда оқырман түсінбей қалады-ау деп қауіптенбеген, оқырманның өресін өз дәрежесіне тең көріп жазған. Оны Ахмет Байтұрсынұлы «Ол Абайдың кемшілігі емес, оқырмандыкі» дейді. Оның үстіне Абай лексикасының өз ерекшеліктері бар.
06 Қаңтар, 2023