Редакция таңдауы
Қанат Мусин қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Мусин Әділет министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Желтоқсан, 2022
Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Желтоқсан, 2022
ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасы әшкереленді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы жүк вагон паркінің ірі операторы болып саналатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
30 Желтоқсан, 2022
Міржақып десе – «Оян, қазақ!», «Оян, Қазақ!» десе – Міржақып еске түседі. Соны санаға орнықтырып, бекіте түсер сериал дүниеге биыл келді десек, артық айтқандық емес шығар. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян, Қазақ!» сериалы жарыққа шыққалы елдің ықыласына бөленді. Жақсы пікірлер айтылды. Біз туынды басталған бетте «ойбуй, «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалында ойнаған Міржақыптың өзі дұрыс еді-ау» деп қылп ете қалғанбыз. Сөйтсек, шығармашылық топ қателеспепті. Ең бастысы, Жақаң (Міржақып Дулатұлы) рөлін сомдайтын әртісті о баста, Ахмет Байтұрсынұлын түсіргенде жаңылмай дәл тапқан. Басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев бұл жолы да алып шыға алған Жақаңды.
30 Желтоқсан, 2022
Жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының биылғы Мемлекеттік сыйлық алған «Тағдыр толқыны» атты романын қызығып оқып шықтым да, терең ойға қалдым. Арғы дәуірлерді айтпағанда, өзіміз дүниеге келіп, бала болсақ та шет жағасын көрген жиырмасыншы ғасырда халқымыз түрлі тауқыметті бастан кешті.
30 Желтоқсан, 2022
«Реформалық өзгерісті оған шын сенетіндер ғана жасай алады», дейді Теодор Рузвельт. АҚШ тарихындағы ең ұлы көшбасшылардың бірі саналатын ол ел тәуелсіздігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосты. Расында, кез келген мемлекетте іргелі өзгерістер белгілі бір оқиғалармен астасып жатады. Биыл жыл басы Қазақ елі үшін ауыр қайғымен басталды. Қаңтар қасіреті талай боздақтың өмірін жалмағаны белгілі. Дегенмен осы оқиға ел еңсесін тіктеп, биліктің таңдау жасауына ықпал етті.
30 Желтоқсан, 2022
Газ саласы – экономиканың жаңа драйвері
QazaqGaz: жыл қорытындысы, жаһандық трендтер және газ саласының бағындырар белестері туралы Әлемдік және отандық газ саласы үшін 2022 жыл үлкен өзгерістерге толы болды. Осы ретте «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар ЖАРКЕШОВПЕН 2022 жылы жаһандық газ нарығындағы айтулы өзгерістер және оның Қазақстанға әсері, стратегиялық және тактикалық шешімдер, жақын арада болатын газ саласындағы реформалардың нәтижелілігі мен міндеттері туралы әңгімелескен едік.
30 Желтоқсан, 2022
Елге шетел инвестициясын тарту – Үкімет жұмысындағы негізгі басымдықтың бірі. Бұл іске әкімдер мен министрлердің үлкен жауапкершілікпен қарайтыны да сондықтан. Осы орайда Қазақстан сыртқы қолайсыз жағдайларға қарамастан шетелдік инвесторлар үшін тұрақты инвестициялық ахуал қалыптастырып келеді. Геосаяси жағдайға байланысты Ресей нарығынан жылыстаған ірі компаниялардың Қазақстанға қоныс тебуі – соның дәлелі.
30 Желтоқсан, 2022
Жылқышының баласына немесе жылқышыға өмір аттың үстінен, жылқының құлағынан басталады. «С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні аяңшыл аттың жүрісін еске салады» дегенін бір емес, бірнеше есті адамнан естігем. Қазіргі мотоцикл мінген жылқышылар түсінбеуі мүмкін, негізі аттың үсті, оның елеңдеген құлағы – небір дүниенің көзін ашады. Жүрегі бар адамды табиғи тепе-теңдікке (үйлесім), есті арнаға түсірмей қоймайды. Жол жорғасы бар желісті атқа тақымың бір тиді екен, толқытып ала жөнеледі. Бәлкім сіз бұрын олай толқып та көрмедіңіз? Ал елеңдеген құлағы айналадағы әртүрлі құбылысты аңдатқыш сезім нүктесі секілді... Мұны әріде тамырынан тартып жеткізуші Асқар Сүлейменов болса, беріде ақын Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерінен аңғарамыз.
30 Желтоқсан, 2022
Соңғы бір жылымызға көз жіберіп, көңіл тоқтатсақ, сөздік қорымыздың рейтингі шамамен былай түзілер еді – қаңтар, бизнес, Украина, КТК, банк, кредит, инфляция, базалық ставка, релокация, мобилизация, IPO. Жыл қаңтар қасіретімен басталды, іле-шала Ресей Украинаға басып кірді, бұл Қазақстан экономикасына алапат кесірін тигізді. Салдарынан инфляция шарықтады, банк несиелері қымбаттай түсті. Базалық ставка бірнеше рет көтерілді. Қазақ мұнайының 90 пайызға жуық көлемін экспорттап отырған Каспий құбыр консорциумы (КТК) әлсін-әлсін жұмысын тоқтатты. Қазақстан балама экспорт маршрутын іздеуге белсене кірісті... Одан бері Ресейде ішінара мобилизация басталып, РФ азаматтары Қазақстанға ағылды. Үкімет Президент тапсырмасымен Ресейден кетіп жатқан компаниялар релокациясын жүзеге асыруға кірісті. Одан бері де халықтың несие тұтқынына түскені көп айтылды. Желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» IPO-сы өткізілді. Стрестік активтер мәселесі мен жеке тұлғалар банкроттығының ау-жайы келер жылдың басында толық белгілі болмақ. Міне, жылдың қысқаша қаржы-экономикалық картинасы осындай.
30 Желтоқсан, 2022
Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды
Таразда пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды. Полицейлер баланың анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
29 Желтоқсан, 2022
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ластаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2022
Екібастұзда бірнеше тұрғын үй тағы жылусыз қалды
Қалада жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Екібастұз қаласының кейбір бөлігінде жылу уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Желтоқсан, 2022
Конституциялық Сот Төрағасы тағайындалды
Аталған қызметке Эльвира Азимова тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
29 Желтоқсан, 2022
Азаматтық қоғам қайтсе дамиды?
Астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында «Мемлекет және азаматтық қоғам: сындарлы диалог» атты пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Оған Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы мұрындық болды.
29 Желтоқсан, 2022
Аспалы жолда қалғандар «құтқарылды»
Өскеменнің іргесіндегі шаңғы базасында төтенше жағдай орын алып, туристердің бірі биіктегі арқан жолында қалып қойған. Шартты түрде құтқарушылардың біліктіліктерін арттыру үшін оқу-жаттығу жұмыстарында осындай тапсырма жоспарланған екен.
29 Желтоқсан, 2022
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Аманат» партиясының «Ерулік» жобасы аясында дәстүрлі әнші, термеші Қыдырбек Қиысханның шығармашылық кеші өтті. Аталған жоба ата жұртқа әр жылдары қоныс аударып, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қандастарға қолдау көрсетуді, олардың өнері мен шығармашылығын дәріптеуді көздейді.
29 Желтоқсан, 2022
Футзалдан Алматының «Қайраты» өз тарихында 18 мәрте Қазақстан кубогі турнирінде үздік шықты. Рикардо Кака шәкірттері финалда Ақтөбенің «Рахмет» клубын тізе бүктірді.
29 Желтоқсан, 2022
Бағзы мен бүгінді жалғаған өшпес те асыл бір құндылық бар, ол – батырлық. Ұранды елдің ұланының батыл, ержүрек һәм қажырлы болып өсуі, кез келген сәтте қолына қару алып, Отанының қорғанына айналып, қарсыласына қайыспай қарсы тұруы – бабалар аңсаған азаттық пен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заманды орнатудың алғышарты.
29 Желтоқсан, 2022
Қандас дәрігерлер қолдау күтеді
Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен қилы заманда бас сауғалап шекара асып, дүние жүзіне тарыдай шашылған қандастарымызды атажұртқа қайтару үдерісін жандандыра жалғастырудың маңыздылығы қазіргі алмағайып кезеңде бұрынғыдан да арта түсті.
29 Желтоқсан, 2022