Редакция таңдауы
Кәдімгі бит – бүгінде таптырмайтын паразит. Дертіне дауа іздеген кейбіреулер оны жеуден жиренбейді. Тіпті ел ішінде бит сатумен айналысып жатқандар да жоқ емес. Көзге әрең көрінетін паразит адам ағзасына пайдалы дегенге дәрігерлер не дейді?
10 Қаңтар, 2023
Желтоқсан айы туысымен Көкше қазағы соғымын жыға бастаған. Қала қазағы тұтас жылқы алмағанымен, сирақтап, жарты еттеп алып жүр. Бәлкім бағасы да беттетпей тұрған шығар. Соңғы жылдары жылқы қымбат. Елі қазы байлаған тай 450-500 мың теңге, құнан-байталдарыңыз 700-750 мың теңге маңайында. Кеше қоңырау шалған нағашы апам елдегі жамағайынмен бір сираққа келіссе керек. Барып келейік дейді. Үлкен кісінің қолқасын орындаған дұрыс. Таңсәріден елге шықтық.
10 Қаңтар, 2023
Жыл басы еліміздің біраз аймағында ақтүтек боранмен басталды. Ал ат құлағы көрінбес боранды күні Зайсан ауданында ерекше жағдай орын алды. Бұл қайсарлық пен ерлікті елемей кету мүмкін емес.
10 Қаңтар, 2023
«Қазақ қызын» жазғанда көз алдымда Ләззат тұрды
1986-ның Желтоқсаны азаттыққа ұмтылған жастарды Алматыдағы алаңға жинап еді. Бейбіт шеруге шыққандарды мұздай құрсанған кеңес әскері озбырлықпен таптап өтсе де ұлт азаматтары «қызыл құрсаудың» көбесін сөгіп, іргесін шайқалтты. Жарты әлемге билігін жүргізген империяға қарсылық кезінде қаракөз қыздарымыз да қайсарлық танытты. Ақын Исраил Сапарбайдың «Желтоқсан айынан кейінгі ой» атты өлеңі мұзға алау жаққан сол аруларымызға арналған. Сәл кейін ол «Қазақ қызы» атты әнге айналды. Қазақ қыздарының ерлігіне қойылған мәңгілік ән-ескерткіштің әуенін жазған – белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өнер иесімен танымал туынды тарихы туралы әңгімелескен едік.
10 Қаңтар, 2023
Еліміздің қай шаһарына барсаңыз, сәні келіскен аялдамалар көзге түседі. Қыста арнайы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген аялдамалар тұрғындардың зор сұранысына ие. Өкініштісі сол, бұзақылардың кесірінен соңғы уақытта қоғамдық мүліктердің бұзылуы жиі тіркеліп отыр.
10 Қаңтар, 2023
Ғылым мен мәдениетті ұштастырған
Ауыл мектебіндегі физика пәнінің мұғалімі Өзбеханның айтатын ғарыштық физика V3 формулаларын қаршадай қағілез бала Ұлықпан Есілханұлы санасына сіңіріп алған. Жанары жалт-жұлт етіп, санасы мына кеңістікті тұтастай тіліп өтіп, галактикалардан да әрмен жатқан квазарларды кезіп кететін...
10 Қаңтар, 2023
Сандық жүйедегі құрылыс деректері
Құрылыс – ұлттық экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан жүйе құраушы салалардың бірі. Оның өркендеуі экономикадағы басқа да секторлардың тамырына қан жүгіртуге қауқарлы. Мәселен, 2022 жылдың 11 айында республика бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті.
10 Қаңтар, 2023
Қайырымдылық кәсібилікті қажет етеді
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысатын «Samruk-Kazyna Trust» қорының 2022 жылғы 10 млрд теңге қайырымдылық бюджеті 40-тан астам ірі әлеуметтік жобаға жұмсалды. Нәтижесінде, соңғы 12 айда 370 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетілді. Оның ішінде 55 мың бала мен ауылдағы 95 мың қазақстандық тиісті жобалардың игілігін көрді. Қордың бас директоры Альфия АДИЕВАНЫҢ айтуынша, «Samruk-Kazyna Trust» қалың бұқараға маңызды түйткілдерді тарқатуға арналған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Бағамдағанымыз, атқарылған шаруа аз емес. Осы орайда сұхбат берушімен әңгіме барысында халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау, қайырымдылық қаржысының жұмсалуының ашықтығы, өзге де өзекті мәселелер жөнінде сауал қойдық.
10 Қаңтар, 2023
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау үшін жұмыс режімінде Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды.
10 Қаңтар, 2023
Декларация тапсырудың жаңа сервисі
Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
10 Қаңтар, 2023
Мырзағалимен бірге сенім келді
Өткен аптада бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағы да ауысты. Тағы да дейтініміз, осыдан бір жарым жыл бұрын ғана, Токиодағы тоқыраудан кейін Ғалым Кенжебаев қызметінен кетіп, оның орнына жасөспірімдер құрамасын ұзақ жыл жаттықтырған Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Енді, міне, төрт жылдың ішінде ұлттық құрамада үшінші рет бас бапкер ауысып отыр.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айынан бастап қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды. 2022 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін пәтерлерді қайта сату 1,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Елімізде 43 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 10-12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Балабақша тәрбиешілері тек үш құжат толтырады
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері тек үш құжат толтыруы керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Қазақстандықтардың табысы 16,5%-ға өсті
2022 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан халқының табысы өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ға өсіп, 245,5 мың теңгеге жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 11,5%-ды, яғни 210,7 мың теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Бибісара Асаубаева Қытайда «күміс» еншіледі
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиань қаласында өткен The Belt and Road 2023 to World Chess woman's Summit турнирінде екінші орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Жалпы тарихта түрлі атаумен қалған азалы күндер көп. Қаңтар оқиғасы сондай қасіретті атаумен, қанмен жазылып, кәрі тарихтың бір парағына айналды. Тәуелсіздік бәске тігілген қаралы күндерде қыршын кеткен талай жастың обалы опасыздарға. Қаңтар қырғыны кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші түрлі деңгейдегі жарақат алса, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза болды.
09 Қаңтар, 2023
Бодлер... Ол дәуір тудырған данышпан ойдың ағыны, шеңберге сыймас ғасырдың бұла перзенті. Күнделігінде болашаққа тіл қатып, «Сіздер мені сүю арқылы Сұлулыққа қызмет етулеріңіз үшін, мен барлық қағидаттардан тыс ойлаймын...», деген ой қалдырады. Бодлер дүниенің құбыжық жауыздығы мен асқан сұлулығын қатар көре білді. Ол «қайыршылықтан, аурудан, мелонхолиядан арылудың жалғыз жолы ізденіске деген ынта», деп есептеді. Бар күшін салып мүшесі талғанша оқу мен жазуды әдет етті. 1957 жылы шыққан «Зұлымдық гүлдері» кітабы адамгершілік қағидаттарға жат деп танылып, басып шығаруға тыйым салынды. Білімсіз діндарлар мен ессіз тобырды, тән үшін тағат тапқан, тереңді білмес жатыпішер пенделерді қатаң сынға алды. Бүгінгі әңгіме ақынның «Париждік сплин», прозамен жазылған өлеңдері хақында болмақ.
09 Қаңтар, 2023
Өткен жыл ел тұрғындарының есінде баға қымбатшылығымен ұзаққа сақталары анық. Азық-түлікпен қоса, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдардың бағасы шарықтап өскенін байқадық. Әсіресе тұрмыста пайдаланылатын химиялық өнімдердің бағасы бүгінде бет қаратпайды.
09 Қаңтар, 2023
Басты міндет – қоғамның сенімі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір мемлекеттік орган ашық жұмыс істеп, тұрғындармен байланысты нығайту керектігін тапсырған болатын. Мұны қаперіне алған Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдар халықпен ашық диалог орнатуға көшкен. Байқайсыз ба, бұрынғыдай полиция ғимараты табалдырығын тоздырып, ішке ене алмай жүрген тұрғындар жоқтың қасы. Тіпті әлеуметтік желіде құқық қорғау органдарына қатысты мәселе туындаса, шағымға жедел жауап беріліп жүр.
09 Қаңтар, 2023