Редакция таңдауы
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Сәуір, 2026
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Мемлекет басшысы Моңғолияны аймақтағы маңызды серіктес әрі тату көрші ретінде атап, Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың елімізге сапарына айрықша мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астана қаласына Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) халықаралық іс-шарасына қатысу үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Қостанай облысында атом электр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Бүгін, 21 сәуірде Алматы жұртшылығы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2026
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласының іргесіндегі «Агропротеин» серіктестігінің тері зауыты төңірегіндегі дау саябыр табатын емес. Зауыт жылқы мен сиыр терісін өңдеп, мал азығына қосатын құнарлы қоспа дайындайды. Қала халқының өкпе-назын тудырып отырған мәселе – өндірістен шығатын жағымсыз иіс желді күні тіпті үдеп кетіп, демалуға мүмкіндік бермейді.
20 Сәуір, 2026
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Сәуір, 2026
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Аруна Жангельдина құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2026
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Ұлттық кітап күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Weekend. Book. Vibes» атты ауқымды іс-шаралар легі бастау алды. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған бұл бастама кітап оқуды насихаттауға, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың әдебиетке деген ықыласын оятуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2026
Ертіс бойына сумен бірге ырыздық келеді
Еліміздің шығыс өңірлеріндегі су қоймаларынан Ертіс өзеніне көктемгі су босату басталды. Табиғат қорғау іс-шарасының ұзақтығы бір айға жуық созылып, өзен жайылмаларының 90%-дан астамы суға қанығады деп күтіліп отыр.
17 Сәуір, 2026
Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірдің келбетін жыл санап жаңартып келеді. Биыл облыс аумағында 12 жасыл аймақты – 9 саябақ, 1 гүлзар, 2 аллеяны абаттандыру жоспарланған. Бұл – экологиялық ахуалды жақсартатын, қалалар мен ауылдардың ажарын ашатын ауқымды жұмыс.
17 Сәуір, 2026
Елін, жерін, Отанын сүйген, әділ, өз сөзіне берік, ар-намысы биік, ауыртпашылық пен жауапкершілікті бірдей көтергендер ғана құрмет пен абыройға бөленеді. Ала-құла тіршілікте өмір сынынан адаспай өту, жүректе ұялаған арманға жету екінің бірінің қолынан келе бермейтіні хақ. Бүгін есімі елімізге әйгілі болған абзал азамат Қуат Есімханұлы жөнінде айтпақпыз.
17 Сәуір, 2026
Отандық суретшілер үшін іргелі өнер кеңістігіне айналған «Ұлар» галереясында белгілі қылқалам шебері Евгений Фридлиннің жеке көрмесі есік ашты. Кенеп бетіне майлы бояумен жағылған үздік шығармалар көрерменге Алматы көшелерімен серуендеп жүргендей әсер қалдырады.
17 Сәуір, 2026
Ұлттың айбынды тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Қажымұқан» спектаклінің тұсауы кесілді. Айтулы премьера – уақытпен бірге өшпеген ерлік рухының қайта оралуы, ұрпақ жүрегінде жаңғырып, сезім мен рәміздің терең иірімінде тербелген көркем толғаныс.
17 Сәуір, 2026
Қамкөңіл жандарды қолдаған еріктілер
Тоқсан жылдан бері орта және кіші буын медицина қызметкерлерін дайындап келе жатқан Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде «Гиппократ», «Добромед», «Мейірім» волонтерлік топтары белсенді жұмыс істейді. Алғашқы екеуі паллиативті көмекке мұқтаж, төсекке таңылған науқастарға күтім жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмекті үйрету бағытында жұмыс атқарса, соңғысы қайырымдылық шаралар өткізумен айналысады.
17 Сәуір, 2026
Кейуанаға күрделі операция жасады
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер 95 жастағы науқасқа бірегей жоғары технологиялық күрделі операция жасады. Пациенттегі аорталық қақпақша транскатетерлік әдіспен (TAVI) ауыстырылды. Операция науқастың кеуде қуысын ашпай, жүрек соғысын тоқтатпай жүргізілуімен ерекшеленді. Мұндай операция жыл басынан бері үш науқасқа сәтті жасалғаны қуантады.
17 Сәуір, 2026
Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит
Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
17 Сәуір, 2026
Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заңды құжатты мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт пен еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.
17 Сәуір, 2026