Редакция таңдауы
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Мейрамгүл ИМАШЕВА, Астана қаласы әкімдігі «Еңбек мобильділігі орталығы» жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы:
27 Наурыз, 2026
Ресей отаршылары қазақ жерін бөліске түсіріп, жергілікті халықты ығыстырып жатқанына шыдай алмаған Ағыбай батыр жер дауымен батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа барып, наразылық білдіреді. Мұның Ресейге де қатер төндіретінін батыл айтады. Сөйткен соң екі жақ мәмілеге келген. Ағыбайға тәнті болған генерал-губернатор өзінің қылқалам шеберіне батырдың суретін салдырады. Осы бейнені қыр қазақтарының көсемі ретінде тіркетіп, Эрмитажға жөнелтеді.
27 Наурыз, 2026
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Кейінгі жылдары елімізде адам жанын түршіктіретін қаншама шетін оқиғалар болды. Әлеуметтік желіні ақтарсаңыз болды, көпқабатты үйдің терезесінен сәбиін лақтырған ана, атасын тепкілеген бала, шешесінен безінген қыз хақында қаңғырған ақпараттарға кезігіп жаныңыз түршігеді.
27 Наурыз, 2026
Шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл мен Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін дегенді естіген елдің пікірі сан-саққа жүгірген. Десе де, қазір бұл жоба мемлекеттік деңгейде талқыланып, казино тұрғызатын орындар қарастырылып жатыр. Ендігі сұрақ: құмар ойын-сауық орталығы ашылған жағдайда өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қалай болар екен?
27 Наурыз, 2026
Польшалық теңізші Кристина Хойновска-Лискевич – дүниежүзін кемемен жалғыз өзі айналып шыққан тұңғыш әйел. Ол бұл сапарын 1976 жылы бастап, екі жылға жуық уақыттан кейін мәресіне жетті.
27 Наурыз, 2026
1903 жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген Мария Кюри тарихтағы тұңғыш әйел лауреат атанды. Ол бұл марапатқа радиоактивтілік құбылысын зерттеуге қосқан зор үлесі үшін иеленді.
27 Наурыз, 2026
«Компьютер» ұғымы қағаздағы идея болған XIX ғасырдың өзінде ағылшын математигі Ада Лавлейс тарихтағы алғашқы программист әйел атанды. Сол үшінде Халықаралық бағдарламаушылар күні Аданың туған күніне байланысты бекітілген.
27 Наурыз, 2026
Түркістанда белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің, «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы өтті.
27 Наурыз, 2026
Жеті театрды жігерлендірген би
Биылғы Наурыз мейрамында Алматы театрлары «Қара жорға» биінің ырғағымен тоғысты. Алматының беткеұстар театрлары көктемнің келгенін әйгілейтін мереке қарсаңында бір үйдің баласындай «Қара жорға» биледі.
27 Наурыз, 2026
Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаменті сатып алушыларды дүкенде төленгеннен кейін берілетін кассалық чекке жауапкершілікпен қарауға шақырды. Департаменттің хабарлауынша, кейбір азаматтар чектердің маңыздылығын жеткілікті дәрежеде түсінбейді, ал алаяқтар оны өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды
28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталығында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні медициналық мекемелер келушілерді тегін тексереді, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Қазақстан QS 2026 пәндік рейтингіндегі позициясын нығайтты
Отандық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттерін айқындайтын QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингінде өз орнын нығайта түсті. Бұл – елдің білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Оқиға қаладағы Сәңкібай батыр даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады
Қазақстанда «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» еншілес банкі ашылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке елімізде еншілес банк құруға рұқсат берді. Бұл қадам Мемлекет басшысының банк секторында бәсекелестікті арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде ел намысын Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады
Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы суреттер тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Беделді Goal спорт басылымы жыл сайынғы NXGN 2026 рейтингін жариялады. Аталған тізімге әлемдегі ең талантты 50 жас футболшы енген, деп жазады Egemen.kz.
26 Наурыз, 2026
Ирандағы АЭС маңына тағы соққы жасалды
Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электр станциясы маңында кезекті әуе соққысы тіркелді. Ресми деректерге қарағанда, шабуыл АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған, алайда нысанның өзіне зақым келмеген, деп жазады Egemen.kz.
25 Наурыз, 2026
Алматыда жол апатынан 3 адам қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы бойында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Шарибаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2026