Редакция таңдауы
Қазір көзін тапқанға кәсіптің түрі көп. Ежелден мал бағып, оның игілігін көрген қазақ үшін бұл таңсық емес. Бүгінде Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов етті және сүтті бағыттағы асылтұқымды голландиялық «Заннин», пәкістандық «Биттал» ешкілерін өсірумен айналысады.
25 Қараша, 2020
Ораз Жандосов негізін қалаған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне – 90 жыл
Отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрылғанына – биыл 90 жыл. Оқу орнымыздың негізін қалаған Алаш қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі біздің университет ұжымы үшін өте ерекше және оны мақтан тұтамыз. Ағартушылық салада Халық комиссары болып жүрген шағында орасан істер атқарған О.Жандосовтың тікелей ұйымдастыруымен елімізде педагогикалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық институттармен қатар орта білім беретін бірнеше мекеме ашылды.
25 Қараша, 2020
Ақмоладағы ахуал жақсарып келеді
Өңірдегі эпидемиялық жағдай біршама тұрақты. Соңғы екі-үш күн төңірегіндегі статистикаға назар аударсаңыз, облыс жасыл аймаққа өтті. Қолданыстағы қаулыға қосымша өзгертулер енгізілді. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина жан-жақты айтып берді.
25 Қараша, 2020
Ойға алған мақсат-мұратымыз орындалмай, сәті түспей қалған шақтарда өзімізді ақтап алуға тырысып, өмірге нала артатын кездер болады. Бірақ бұл өз қателігінен сабақ ала отырып, тек алға алға ұмтылып тұратын қайсар жандарға қатысты емес. Жас өнертапқыш Фараби Самаликовтің де талабы таудай, мақсаты өршіл.
25 Қараша, 2020
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында АҚШ-тың Даллас аймағындағы Бэйлор университетінің стадионында студенттердің кезекті жаттығулары өтіп жатты. Жеңіл атлеттердің бірі алаң жиегінде өз бетінше жаттығып, енді бірі алты жолақты жүгіру жолында бір-бірімен жарысып жүрсе, енді бірі бапкердің нұсқауларын тыңдап тұр. Күнделікті жаттығудағы әдеткі жағдай. Бір кезде ауа райы кілт бұзылып, аспаннан нөсер жауын құйды да кетті. Бәрі оқу ғимараттарының ішіне қарай жүгіріп кірді. Бір кезде бапкер барлық оқушылардың терезеге телміріп қарап тұрғанын байқады. Барып қараса, бір студент ештеңе болмағандай, жауын астында жаттықтырушының берген тапсырмасын орындап, жаттығуын жалғастырып жүр екен. Бұл болашақта аты алты құрлыққа кеткен атақты желаяқ Майкл Джонсон еді.
25 Қараша, 2020
Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыт
Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын Азаматтық форумының тоғызыншы отырысы болып жатыр. Биылғы жиын әлемдегі ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Министрлер, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бес күн бойы бүгіннің өзекті мәселелерін талқыламақ.
25 Қараша, 2020
Қарт спортшы қатардан қалмай келеді
Бауыржан Құлжановтың есімі солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс. Ол классикалық күрестен КСРО спорт шебері, қазақ күресінен Солтүстік Қазақстандағы бірінші спорт шебері, облыстық күрес федерациясының президенті. Өз салмақ категориясы бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
25 Қараша, 2020
Босниядағы соғыс пен бейбітшілік
Әлемде қараша айындағы басты оқиғаның бірі – АҚШ-тағы президенттік сайлау екені анық. Мұхиттың арғы бетіндегі дауыс беру кезінде Джо Байден жеңіске жетті. Енді ол алдағы қаңтардан бастап Ақ үйдің қожасына айналады. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы мәселе кеңінен талқыланады. НАТО-ның Бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында Байденнің сыртқы саясаттағы ұстанымы туралы әңгіме қозғайды. Оның пайымдауынша, Байденнің сайлауда жеңіске жетуі АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем халқы үшін де жақсы жаңалық. Өйткені жаңа президент бұған дейін Трамп әкімшілігі кезінде жіберілген қателіктерді түзетіп, жаһандық мәселеге мол үлес қосады деп есептейді. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Босниядағы мәселе төңірегінде ой қозғайды. Аталған елдегі қарулы қақтығысты аяқтау жөніндегі Дейтон келісіміне қол қойылған кезде мақала авторы келіссөздерге белсене араласқан болатын. Осылайша, К.Билдт өзінің бастан өткізген оқиғаларымен бөлісе отыра, бейбітшілікті сақтаудың маңызына тоқталады. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау ісіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.
25 Қараша, 2020
"Дарын" сыйлығының лауреаттары анықталды
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қараша, 2020
Қазақстанда елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қараша, 2020
Н.Нығматулин: Астық мәселесі – ол бірінші кезектегі әлеуметтік сұрақ
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттардың бастамасымен әзірленген "Астық туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қараша, 2020
Ералы Тоғжанов COVID-19-ға қарсы вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қараша, 2020
Экология министрі ластанған 10 қаланы айтты
Бүгін Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауасы жоғары деңгейде ластанған 10 қаланы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қараша, 2020
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қараша, 2020
Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағындырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.
24 Қараша, 2020
Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қарапайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.
24 Қараша, 2020
Жер кезегі жылжымай, тіршілік жанданбайды
Жамбыл облысында жылдар бойы жер кезегінде тұрған тұрғындардың үміті әлі де ақталар емес. Өңірдің кейбір аудандарында бұл тұрғыда түрлі жобалар болғанымен, нақты іс жүзінде олардың ешқайсысы да орындалмаған. «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ бұйырмайды» дегендей, жергілікті жұртшылық заңды жеріне қол жеткізе алмай әуре. Ал жер кезегіне тұрушылардың жыл санап көбейіп келе жатқаны тағы бар.
24 Қараша, 2020
Әуелден «Отан – отбасынан басталады» дейтін қазақтың туған жерге деген ықыласы алабөтен, айрықша сұлу болған. Сақ, ғұн, үйсін – тұтас түркілік алтын кезеңге арқа сүйеп айтпағанның өзінде беріде өнеге атына сұранып тұрған Бейбарыс сұлтанның өзі неге тұрады десеңізші?! Мәмүлік болып Мысыр барған, сөйте жүріп сұңғылалығымен сұлтан болған да осы баһадүр бабаңыз. Одан кейінгі мәшһүр тарих сізге тағы мәлім. Біз бүгін өткеннен қалған қазынаны қайта көпсітіп, көпке ұсынуды жөн санадық.
24 Қараша, 2020
Машина жасау саласы мүлгіген жоқ
Қазақстанның машина жасау саласы пандемия жағдайында қалай дамуда? Тауар өндірушілер нендей проблемалармен бетпе-бет келуде? Салаға мемлекет тарапынан қандай қолдау қажет? Осы сұрақтардың төңірегінде аз-кем әңгіме өрбіткенді жөн көрдік.
24 Қараша, 2020
Экологиялық ахуал – қоғам назарында
Елдің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан отандастарымыздың бүгінгі басты міндеті – қоршаған ортаны, айналамызды келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы қалпында аманат етіп қалдыру. Бұл бағытта бірқатар қадамдардың жасалып жатқаны белгілі. Алайда нақты нәтижеге тек қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы ғана қол жеткізетініміз ақиқат.
24 Қараша, 2020