Редакция таңдауы
Бес жылда атқарылған жұмыс айқындалды
XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің отырысы өтті. Қатысушылар бейнеконференция байланысы арқылы ұйымдастыру мәселелерімен қатар, партияның соңғы 5 жылдық қызметін қорытындылады.
24 Қараша, 2020
Алыптар үндестігі: Абай мен Жамбыл
Ұлыларды белгілі бір дәуір туғызады. Осыдан 175 жыл бұрын Шыңғыстауда Абай дүниеге келсе, арада алты-жеті ай өткен соң Жамбыл тауының бөктерінде Жамбыл туды. Кейін екеуі де қазақ деген ұлы халықтың екі алыбына – поэзиядағы піріне айналды. Әрбір ұлы тұлға өзінше бір-бір әлем, бөлек жаратылыс. Абай мен Жамбыл екеуі де қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалар ғажайып құбылыс. Біреуі мынау әлемдегі алуан толқынды алып мұхит десек, екіншісі сан түрлі бедер-белгісі бар құрлық секілді. Екеуі де алып та биік, айдынды да айбынды. Абай мен Жамбыл өз замандастарының ішінде жұлдыздай жарқырап ерекше көзге түсті де ұлттық поэзиямызға екі түрлі жолмен келді. Абай жазба әдебиетімізді жаңа реалистік дәстүрде берік қалыптастырды. Ал Жамбыл Жабаев – сонау заманнан бері халық өмірінің айнасы болған ақындық, жыршы-жыраулық өнердің саңлағы. Бұл – қазақ поэзиясының дамуындағы тарихи қоғамдық негізі бар құбылыс.
24 Қараша, 2020
Әлемнің түрлі еліндегі табысты және бақытты адамдар «стресті қалай жеңуге болады?» деген сұраққа физикалық-белсенді өмір салтын ұстану деп жауап береді. Кейінгі жылдары Қазақстанда белсенді өмір салтын ұстанатын адамдардың саны артып келеді. Бүгінгі мақаламызда еліміздегі белсенді туризмнің ең кең таралған және қолжетімді бес бағыты, яғни тау және жаяу туризм, атпен жүру, велосаяхат және маунтинбайкинг туралы әңгімелейміз.
24 Қараша, 2020
«Ясауи ізімен» экспедициясы Созақ өңіріне сапарлап, қасиетті нысандарды аралады
Түркі әлемінің тұлғасы Қожа Ахмет Ясауи тарихын түгендеу және толыққанды мәліметтер топтастыру һәм тың деректер іздеу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Ясауи ізімен» атты экспедиция ұйымдастырды.
24 Қараша, 2020
Елорда дәрігерлері сирек дертке шалдыққан қызға күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін ауруға шалдыққан 7 жастағы қызға күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қараша, 2020
Владимир Зеленский коронавирустан айықты
Коронавирус індетімен ауырған Украина президенті Владимир Зеленский тест нәтижесінің теріс шыққанын және қалыпты жұмыс кестесіне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қараша, 2020
"Халық сүйіктісі" сыйлығының финалистері белгілі болды
"Халық сүйіктісі" сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қараша, 2020
Шымкентте Сингапур университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аркен Арыстановпен онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қараша, 2020
Дәмханадағы жарылыс: Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтанда дәмханадағы жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
23 Қараша, 2020
Мың бояулы Маңғыстау өңірінде жалпыұлттық маңызға ие 15 нысан бар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы ел көлемінде жүріп жатыр. Осы жайды білмекке Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пания Сармурзинамен тілдестік.
23 Қараша, 2020
Ел танығысы келген адамдардың назарын аударатын дүние – жалғыз тамылжыған табиғат қана емес, өлкенің сырт көзге сан ғасырдан бері беймәлім болып жатқан, қойнауындағы тарихи, рухани байлығын уақыт шымылдығы көлегейлеген көне көмбесі.
23 Қараша, 2020
Ол алақандай ауылдан алып Алматыға аттанды. Суретші болу үшін. Бірақ таңдаған бағытының басқа арнаға бұрылатынын білген жоқ. Тағдыр оны Мұстафа Өзтүрікпен жолықтырған болатын.
23 Қараша, 2020
Азамат соғысынан босқындар жапа шекті
Эфиопиядағы азаматтық соғыс тоқтайтын түрі жоқ. Нәтижесінде, ел аумағында орналасқан босқындар лагеріне жол жабылып, ондағы азаматтардың күнкөрісі нашарлап кетті.
23 Қараша, 2020
Нобель-2020: Экономикаға орасан пайда әкеле ме?
2020 жылы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық Пол Милгром мен Роберт Уилсонға бұйырды. Олардың аукцион теориясы мен аукциондардың жаңа форматын ойлап тапқаны үшін осы сыйлыққа лайық деп танылғанын әлемдік ақпарат құралдарының бәрі жарыса жазды.
23 Қараша, 2020
Қазақтар жасаған алып әуе шары
Қытай елінде қазақы дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп отырған аса дарынды қандастарымыз бар. Атажұрттан жырақта қоныстанса да, бұл ағайындарымыздың мерейімізді тасытып, рухымызды оятатын ерен тірліктері көп. Мәселен, Ақсай қазақтары жасаған алып әуе шары.
23 Қараша, 2020
Іргесі 1888 жылы қаланған, дүние жүзіне танымал «National Geographic» атты журнал бар. Бұл басылым – ғалам назарын аударған мәдени мұралар, археологиялық жаңалықтар, жан-жануарлар әлемі мен мұхит түбіндегі тіршілік иелерінің өмірі секілді тақырыптарды қаузайды. Сонымен қатар түрлі-түсті фоторепортаж жариялайды. Журнал әлем халықтарының бірнеше тілінде жарық көреді. Құрылтайшысы – АҚШ-тағы Ұлттық география қоғамы.
23 Қараша, 2020
Мал ұрлығына байланысты заң біршама қатайғанымен, өңірде мал ұрлығы тыйылмай отыр. Соғым науқаны қарсаңында өршіп кететін әдеті еді. Биыл да бұрынғының кебін кимесек жарағаны.
23 Қараша, 2020
«Ашық қоғамға – ашық архивтер» (Президент Архивінің Батыс Қазақстан облысындағы күндері)
Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Ашық қоғамға – ашық архивтер» тақырыбындағы онлайн дөңгелек үстел өтті. Аталған шара Қазақстан Президенті Архивінің Батыс Қазақстан облысындағы күндері аясында ұйымдастырылды.
23 Қараша, 2020
Жамбыл облысында әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, көпшілік үшін аса қажетті азық-түлік бағалары қымбаттағаны байқалуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жақыпов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларына тоқталды.
23 Қараша, 2020
Өткен тәулікте пневмониямен 157 адам ауырып, 2 адам көз жұмды
Қазақстанда өткен тәулікте пневмониямен 157 адам ауырып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2020