ел
Ғылым • Бүгін, 17:23
Түркі әлемі математиктерінің форумы өтті
Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті базасында таяуда Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) басқарма мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Оған көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов төрағалық етті және алғашқы пленарлық баяндаманы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 15:22
Қазақстанда 1 шілдеден бастап интернет тарифтері қымбаттайды
«Қазақтелеком» АҚ 1 шілдеден бастап интернет желісінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша баға көтерілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 14:23
Халықаралық турнирде Қазақстан велошабандозы топ жарды
Велоспорттан осы айдың 15-19 күндері Польшада өткен Orlen Nations Grand Prix халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы шешуші 5-ші кезеңде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 14:08
Атыраулық құтқарушылар жүкті әйелге көмек көрсетті
Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілік кезінде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылынан жүкті әйел адамды аудан орталығына қайықпен тасымалдады. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыл тұрғыны жедел-жәрдем қызметкерлеріне уақтылы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Бүгін, 13:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің Шығыс Әзербайжан провинциясында тікұшақ апаты салдарынан қайтыс болуына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен Бірінші Вице-Президенті Мохаммад Мохберге және барша Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • Бүгін, 13:17
«Ońtústіk» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Кеңесұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Су тасқыны: Ерекше күтімді қажет етушілер эвакуацияланады
Махамбет ауданы, Сарайшық ауылындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше күтімді қажет етуші тұрғындар тасқын қаупі жағдайында Атырау қаласына көшіріледі. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Жарсуат, Құрылыс ауылдары бөгеттеріне Жайық суы келді
Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Әйтсе де, Индер ауданындағы аталған қауіпті аумақтарда ахуал тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Университет • Кеше
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Ғылым-білім беру орталықтары арасындағы өзара байланысты арттыру мақсатында Алматыға келген ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьері Лю Гочжун бастаған үкіметтік делегация Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде болып, ғылыми-инновациялық қызметімен танысты.
Аймақтар • Кеше
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үй және мүлікті бағалау нәтижелерімен таныстыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отыр. Мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп отыр. Қала бойынша су басқан тұрғын үй иелерінен түскен 250 өтінім қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі штабына сілтеме жасап.
Президент • 18 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 17 Мамыр, 2024
Өзбекстаннан келген Аман Қонысбеков бұрынғы командаласынан жеңілді
71 кг салмақ дәрежесінде ел құрамасы сапына жаңадан қосылған Аман Қонысбеков «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирінде бұрынғы командаласы, Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Мамыр, 2024
Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті
10-14 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектепте «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған конкурс Астанада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – білім алушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық пен тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ерекше балалардың шығармашылық қабілетіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 16 Мамыр, 2024
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылды
Астанада 16 мамыр мен 1 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жартылай жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 15 Мамыр, 2024
«Елорда кубогі ІІІ» - бокстан олимпиадалық құрам үшін шеберлік алаңы - Мырзағали Айтжанов
Бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «Елорда кубогі ІІІ» халықаралық турнирі туралы пікір білдіріп, олимпиадалық құрамның жаттығуларына байланысты алдағы жоспарлы оқу-жиындары қайда өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2024
Жасанды иптеллект: Астананың бірегей тәжірибесі әлемдік сот жүйесінің назарын аударды
Халықаралық сот әкімшілігінің қауымдастығы (ХСӘҚ) Астанада талқылауды жоспарлап, Қазақстанның сот жүйесін басқару тәжірибесінің әлемдік сот жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Үстел теннисінен Олимпиада жолдамасына таласатындар анықталды
Париж-2024 лицензиясына үстел теннисінен Қазақстанның 4 спортшысы таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Мамыр, 2024
Сенат Төрағасының орынбасары Азия әйелдері форумына қатысты
Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина «Әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріндегі өңірлік тәсіл» атты Азия форумына қатысты. Іс-шараға қатысушылар Бейжің іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру, сондай-ақ әйелдердің қазіргі жаһандық экономика жағдайындағы экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасының орынбасары форумда сөйлеген сөзінде еліміздің Президенті жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі – гендерлік теңдік, әйелдердің қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысу деңгейін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Париж Олимпиадасы: Қоржын 51-ші жолдамамен толықты
Олимпиада жолдамасына велотректен Қазақстан құрамасы ие болды. Лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл 51-ші жолдама, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Мамыр, 2024
ҚазҰПУ ғалымдары Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сонгдодағы Инчхон ұлттық университетінің құрметті профессоры, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі 15 мамырда Қазақстан қалаларында дабыл белгісі қосылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 14 Мамыр, 2024
Елорда кубогі ІІІ: Бокстан ерлер құрамасында алғашқы жеңіліс тіркелді
Астанада Елорда кубогі ІІІ халықаралық турнирінің екінші жарыс күні басталды. «Beeline» аренада өтіп жатқан бәсекеде ерлер құрамасында алғашқы жеңіліс тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 14 Мамыр, 2024
Үкімет басшысы «Kids go free» бағдарламасын жалғастыруды тапсырды
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтан биыл да Kids go free бағдарламасын жалғастыру мүмкіндігі туралы сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2024
«Көшпенділер визасы»: Шетелдіктер үшін жаңа виза түрі енгізіледі
Елімізде шетелдік туристер үшін жаңа виза енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Әйелін ұрды деп айыпталған елшінің кеңесшісі қызметінен босатылды
Еліміздің БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі қызметін атқарған шенеунік әйелін соққыға жықты деп айыпталып, қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 13 Мамыр, 2024
Қазақстан құрамасының жаңа боксшысы дебютте қарсыласын нокдаунға жіберді
2023 жылғы Өзбекстан чемпионатында қола жүлде еншілеген қандасымыз Аман Қонысбеков осы жылдың ақпан айында Қазақстанға қоныс аударғаны хабарланған еді. Бүгін ол Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет шаршы алаңға шықты. Аман Қонысбеков алғашқы раундта қырғыз боксшысын 2 рет нокдаунға жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2024
Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жариялады
«Бармысың бауырым» хабарының авторы әрі жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық азамат асырап алған Жәнібекке (Мұрат Савельев) қатысты жаңа ақпаратты жария етті, деп жазады Egemen.kz.