Қоғам • 14 Мамыр, 2024

Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі 15 мамырда Қазақстан қалаларында дабыл белгісі қосылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады

Фото: ult.kz

15-16 мамыр аралығында елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірде өрттің алдын алу шаралары пысықталады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай ауданында орналасқан.

Жиын барысында мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындық жүргізіледі.

«15 мамырда сағат 12:55-те оқу-жаттығу аясында Астана қаласынан басқа еліміздің барлық аймағында дабыл жүйесін сынақтан өткізу жоспарланып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.