Қоғам • 17 Мамыр, 2024

Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Туризм және спорт министрлігіне алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған блогер жазаланды

Фото: theoryandpractice.ru

«Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп келеді. Нәтижесінде өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге қатысты әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттама жасалды. Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек 35-тен астам жағдай бойынша хаттамалар дайындалып жатыр», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Жетісу облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея қызметін ұйымдастырғаны үшін жазаланған еді.