Бокс • 14 Мамыр, 2024

Елорда кубогі ІІІ: Бокстан ерлер құрамасында алғашқы жеңіліс тіркелді

1297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Елорда кубогі ІІІ халықаралық турнирінің екінші жарыс күні басталды. «Beeline» аренада өтіп жатқан бәсекеде ерлер құрамасында алғашқы жеңіліс тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Елорда кубогі ІІІ: Бокстан ерлер құрамасында алғашқы жеңіліс тіркелді

Фото: ©instagram.com/ertugan_zeinulinov

63,5 кг салмақ дәрежесінде рингке шыққан отандасымыз Ертуған Зейнуллинов иран боксшысы Хабибинижат Әлиге есе жіберді.

3 раундтық айқастың екінші раунды ғана Ертуған Зейнуллиновтың басымдығымен аяқталды. 

Жұдырықтасу аяқталғаннан кейін қосымша бақылаушылардың нұсқауымен иран боксшысының асығы алшысынан түсті. 

Хабибинижат Әли 63, 5 кг-да Иранның олимпиадалық іріктеу турниріне де үкілеп қосып отырған үміткері. 

Тайландтағы тартыста оның жолы ел боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен тоғысып қалуы әбден мүмкін.

Еске салайық, Ертуған Зейнуллинов 63,5 кг салмақ дәрежесінде өткен жылғы Елорда кубогі ІІ турнирінің жеңімпазы атанған еді. Биыл турнир чемпионы алғашқы айналымнан аса алмады.

63,5 кг салмақ дәрежесіндегі тағы бір ел боксшысы Бекзат Мақжан өзбек Адхамдон Мухиддиновтен жеңілді.