іс
Оқиға • Кеше
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Орал және Ақсай қалаларының бас жоспарларына өзгерістер енгізіледі
Аталған 2 қала бойынша 32 егжей-тегжейлі 32 жоспарлау жобасы әзірленіп отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет отырысында мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2026
Толассыз шу, дамылсыз қозғалыс, тынымсыз техникалар. Мұндай орындардан ер адамдарды көруге көз үйренген. Ауыр өнеркәсіптің аты айтып тұрғандай, бұл салада табанды еңбек ету үшін білектің күші, жүректің мысы керек-ақ. Бірақ мұндай өндіріс ошақтарында өнімді қызмет етіп жүрген аруларымыз да жоқ емес, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Иранда жұмыс істейтін тағы 7 отандасымыз елге жеткізіледі
Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды
Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдікті бұрын сотталған болып шықты. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Салық кодексіндегі түзетулер қашан күшіне енеді?
Жаңа Салық кодексіне өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді. Қазір мемлекеттік органдардың құжатқа түзету енгізуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Наурыз, 2026
Қазақстанда алғаш рет өңірлік білім беру – өндірістік кластері іске қосылды
Елімізде алғаш рет қонақжайлылық және туризм саласы бойынша өңірлік білім беру – өндірістік кластері (Астанада Сервис және туризм колледжі базасында) іске қосылды. Жоба еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауды жүйелеуге және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев алдағы референдумды еліміздің тұрақты дамуының іргетасы деп атады
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығына жаңа Конституцияның маңызы мен мәнін айтып берді. Ол алдағы референдумды еліміздің тұрақты дамуының іргетасы деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Наурыз, 2026
Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды
Алматы облысының прокуратурасы шамамен жиырма жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеруді соңына жеткізді. Қадағалау органы қызметкерлерінің арқасында қылмысқа қатысқан үшінші сыбайлас анықталып, сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды
Ақтөбеде өткен жылдың қарашасында болған қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот күдіктінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды доғару туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлытау облысы құрылғаннан бастап Жезқазған қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде алға ілгерлеушілік байқалды. Соның ішінде қала бюджетінің көлемі мен инвестиция тарту деңгейі айтарлықтай өсті. Өткен жылы Жезқазған қаласының меншікті кірістері үш есеге артып, 36,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы қала бюджеті екі есеге өсіп, 57,1 млрд теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.
Шахмат • 03 Наурыз, 2026
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді
Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде шахматшы Бибісара Асаубаева үш сатыға жоғарылап, әлемнің үздік он ойыншысы қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Наурыз, 2026
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 02 Наурыз, 2026
Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды
Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Үтіртөбе ауылында Астанада шұғыл көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым жасалды. Ауыл амбулаториясының ғимаратына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылып, ел-жұрт батыр қыздың ерлігін еске алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
19 млн тонна көмір: Жаңа жобаларға қажетті көлем қалай қамтамасыз етіледі?
Қазақстан жаңа энергетикалық жобалардың сұранысын өтеу үшін көмір өндірісін кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отыр. Қазіргі болжам бойынша, 2032 жылға қарай елдегі жаңа нысандарға қажетті энергетикалық көмір көлемі жылына 19 млн тоннадан асады. Бұл мақсатқа жету үшін өндірістік қуатты кеңейту, инфрақұрылымды жаңарту және салаға цифрлық технология енгізу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы текетірес: Қазақстан дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Таяу Шығыста әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен және шет мемлекеттердің билік құрылымдарымен тәулік бойы байланыс орнатып, жағдайды жіті бақылап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қала билігі жүрдек трамвай желісінің (LRT) құрылысын 2027 жылы бастап, екі жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2026
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді
Түркістан қаласында заман талабына сай көпфункционалды ипподром құрылысы аяқталды. Осы нысанның ашылу салтанатына орай, 16-21 наурыз аралығында көкпардан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 27 Ақпан, 2026
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас (Enrique Iglesias) Қазақстанға концерттік сапармен келеді. Оның өнер көрсетуі екі қалада өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпарат Ticketon сайтында жарияланды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде «Ғаламдық ырғақ Қазақстанға жақындап келеді» деп хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Ақпан, 2026
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған атыраулықты ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Ақпан, 2026
47%-дық құлдырау: Үш алпауыт кен орнындағы өндіріс неге тежелді?
Қазақстандағы ең ірі үш кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ 2024 жылғы қаңтарда мұнай және газ конденсатын өндіруді 2,4 млн тоннаға қысқартып, 2,7 млн тоннаға дейін төмендетті. Бұл шамамен 47%-дық төмендеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Ақпан, 2026
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Пәкістан билігі Ауғанстандағы Талибан үкіметіне ресми түрде «ашық соғыс» жариялап, Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларындағы нысандарға әуеден жойқын соққы берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Түркістан облысында 12 731 шақырымды құрайтын 4180 канал, жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд текше метр болатын 42 су қоймасы, 5712 шақырымға созылған 1256 қашыртқы және 1794 ұңғыма бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарды қоса алғандағы кезеңде ел тұрғындарының зейнетақы жинақтарына есептелген инвестициялық кіріс көлемі шамамен 2,28 трлн теңгені құрады. Осы уақыт аралығындағы кірістілік 9,74% болды. Бұл көрсеткіштер Ұлттық банктің зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметі нәтижесінде қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 26 Ақпан, 2026
Келісімшарт – кәсіби армияның тірегі ме?
Елімізде келісімшарт негізіндегі әскери қызметке деген қызығушылық екі фактордың негізінде күшейіп келе жатқанын байқаймыз. Біріншісі – кадрлық қажеттілік, екіншісі – әлеуметтік пакет пен қаржылық ынталандырудың кеңеюі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) бірқатар салық есептілігі нысандарының жаңартылған нұсқалары қолжетімді екенін хабарлады. Жаңашылдық салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және есептілікті ұсыну үдерісін оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Шымкентте «Polpharma Santo» сауда белгісімен дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» АҚ-ның өндірістік ауқымы кеңейтілмек. Тиісті инвестициялық келісім Қазақстан Үкіметі тарапынан мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Air Astana 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.