порт
Президент • Бүгін, 16:32
Туристік сала мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • Кеше
Қазақстан спортшылары Өзбекстанда өз таңдауын жасады
Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде өтіп жатқан республикалық референдумда Қазақстанның спортшылары дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді
2026 жылғы 29 шілде-9 тамыз аралығында Астанада «Болашақ ойындары» спорттық фестивалі ұйымдастырылады. Шараға 50 елден 900-ден астам спортшы қатысып, жалпы 4,75 млн доллар сыйлық қоры үшін бақ сынайды. Ойындар елорданың бес спорттық аренасында өтеді. Шараға 100 000-нан астам көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 06 Наурыз, 2026
Геосаяси жағдай және сауда: Қазақстанда шұғыл байланыс желісі іске қосылды
Сыртқы саудадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау шаралары күшейтілді. Осыған орай Экспорттық штаб жанынан бизнес өкілдерімен жедел байланыс орнатуға арналған арнайы call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2026
ЕАЭО елдерінен жұмыртқаны импорттауға тыйым салынады
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға болады
Жаңа онлайн сервисті Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-өндірістік орталығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Kaspi.kz командасымен бірлесіп әзірлеген, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 04 Наурыз, 2026
«Реал» тағы да бапкер ауыстырады
Пепе Альварестің мәліметінше, «Реал Мадрид» клубы бапкерлік құрамға қатысты нақты шешім қабылдаған. 6 наурыз күні өтетін Сельта командасына қарсы кездесуден кейін Арбелоа ресми түрде қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Наурыз, 2026
Қысқы Паралимпиада: Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылуына санаулы күндер ғана қалды. Дүбірлі дода 6-16 наурыз аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Конституциялық реформа – тек Негізгі заңға енгізілетін өзгертулер емес, ол – еліміздің ертеңгі жарқын болашағы. Көк туымызды әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген саңлақ спортшыларымыз да бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, өз пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Осы стратегиялық міндет аясында Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында заманауи технологиялар жүйелі түрде енгізіліп келеді. Соның нақты көрінісі – 5573 әскери бөлімінде жүзеге асқан жаңа жоба. Мұнда мерзімді әскери қызметтің сарбазы Ким Хён У әскери қызметшілерге арналған арнайы ақпараттық портал әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан «Kazakhstan Pipe Threaders» зауыты өңірдегі жұмыспен қамту мен кәсіби кадр даярлау ісіне елеулі үлес қосып келеді. Аталған кәсіпорын әлемдік деңгейдегі Tenaris компаниялар тобына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Ақпан, 2026
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Былтыр еліміздің сыртқы сауда айналымы жалпы көлем жағынан тұрақтылық сақтағанымен, оның ішкі құрылымы айтарлықтай өзгерді. Экспорт азайып, импорт көбейген сайын сауда балансының артықшылығы қысқарып, экономикадағы сыртқы тірек әлсірей түсті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті бөлшек саудадағы әуе отыны нарығын тексеріп, заңсыз әрекеттерді анықтады. Анықталғандай, әуежай кәсіпкерлерден қосымша төлем талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Ақпан, 2026
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Қазақстан дәстүрлі шикізат экспорттаушы модельден біртіндеп бас тартып, мұнай-газ химиясы саласында терең өңдеуді дамытуға және ірі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға көшті. Бұл бағыт экономиканы әртараптандыру мен қосылған құны жоғары өнім шығаруға жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Ақпан, 2026
Нариман Курбанов Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2026
Қарағандыда жекпе-жек кезінде спортшы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті
Қарағандыда өткен облыстық жекпе-жек жарысынан кейін 18 жастағы Арслан Атымтаев жансақтау бөліміне түсті. Жас спортшының туыстары турнир ұйымдастырушыларының әрекетіне наразылық білдіріп, полицияға арыз жазды, деп жазады Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді
Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 20 Ақпан, 2026
Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты
2025 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты. Нақты айтқанда, импорт көлемі – 12 194 тонна болса, экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2026
Махамбет университетінде жаңа спорт сарайы ашылды
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті жанынан жаңа спорт сарайы ашылды деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Ақпан, 2026
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Қазақстанда ара шаруашылығы серпінді дамып, ауыл шаруашылығының табысты әрі стратегиялық маңызды саласына айналып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, былтыр бал экспорты 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Әлеуметтік желілерде «пәтердің техникалық паспорты енді болмайды» деген мазмұндағы жазбалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мұны жай қауесет деп атап, құжаттың қолданыста қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңісі үшін спортшы қанша сыйақы алатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды
Шет ауданының Нұра ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары футзал, жекпе-жек, фитнес және басқа да спорт түрлерімен жыл бойы айналыса алады. Нысан 200 адамға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Ақпан, 2026
Шет ауданынан шыққан спортшы республикалық асық ату турнирінде жеңіске жетті
Астанада өткен асық атудан республикалық турнирде Шет ауданының спортшысы Мейір Рахымжан жеңімпаз атанды. Жүлделі орындар үшін Қазақстанның 9 облысынан келген 67 қатысушы бақ сынады. Дүбірлі дода Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы, әлем чемпионы, Азия чемпионы және ҚР спорт шебері Мырзамұрат Қайыпбековтің құрметіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Жеңіл атлеттер Қытайда жеті жүлде олжалады
Жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында жерлестеріміз жеті жүлдемен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Ақпан, 2026
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Ақпан, 2026
Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды
Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.