орда
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Астанадағы Айтматов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде 5 адам лифт ішінде қалып қойған. Олардың арасында 1 бала болған. Кабина 7-ші қабатта тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Қызылордада теміржолды кесіп өтетіндер көбейді
Қызылордада желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Оның аясында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Былтыр Қызылордада жаяу жүргіншілер ережені неше рет бұзған?
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылаған полицейлер осындай дерек айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Соған орай ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілгенін және сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 20 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – елдің транзиттік әлеуетін арттырудағы айрықша міндет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қаңтар, 2026
«Облыс жағдайы күмәнсіз жақсы»: Президент Қызылорда облысы әкіміне жоғары баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
JOLTAP-пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын өз табысын қалай арттырды?
«Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін» дейді Шәкәрім қажы. Елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы да тұрғындарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, табысын арттыруға және өз кәсібін дамытуға жол ашып келеді. Жоба қатысушысы Наурызбек Утин оқудың кәсіби өсіміне және жеке ісіне қалай ықпал еткенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 19 Қаңтар, 2026
Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті. Іс-шараға Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім қылды. Ол аталған клубқа қызметке келгенін айтып, құттықтап жатқан барлығына рахметін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Астанадағы №107 мектеп жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданып жүр. Мұнда бейнебақылау камераларына ЖИ жүйесі орнатылған. Жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қандай мәселелер талқыланады?
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлімдеп, маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қызылордадағы 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА тексерісінен қашан өтеді?
2025 жылдың 4 қазанында салтанатты түрде ашылған Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионына УЕФА тарапынан жүргізілетін тексеріс алдағы айларға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Астанада аялдаманы қиратқан ер адам қамауға алынды
Елордада кез келген вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қарсы жүйелі күрес жүріп жатыр. Кезекті вандалды полиция қызметкерлері анықтап, жауапқа тартты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қаңтар, 2026
Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
Мемлекет басшысына компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында іске асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 12 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп жазады Ақорда.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Мұрат Әбенов: Шетелдік агрегатор компаниялар еңбек талаптарын жиі бұзады
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде жергілікті «Эко такси» отандық сервисінің жұмысымен танысып, Президенттік саябақты қайта құру барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды
Қызылордада «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен баспаналы болған 100 жас отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қаңтар, 2026
Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Облыс полицейлеріне 30 жастағы азаматтың көлігі жоғалғаны туралы хабар түсіпті. Ол дүкенге аз уақытқа кіріп, қайтып оралғанда көлігінің жоқ екенін байқап бірден полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Қызылорда тұрғыны «көршілерін өлтірді» деген күдікпен ұсталды
Қызылорда 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы көз жұмған. Оқиға туралы полицияға олардың көршілері хабар беріпті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Қызылордада заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырғандар ұсталды
Қаржылық мониторингтік агенттігі Қызылорда облысында заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырып, есірткі сатылымынан түскен ақшаны пайда қылған қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Астананың бас жоспарында тұрғындардың пікірі ескерілу керек
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының ұжымымен кездесті. Кездесуде елорданың қала құрылысы саясатын ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу, оны азаматтар үшін жайлы, қауіпсіз әрі өмір сүру сапасы жоғары заманауи астана ретінде дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Қызылордада есірткі сатқан тұрғын ұсталды
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде ұсталып отыр. Ол өз үйінде есірткі сатып жатқан жерінен құрықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда • 31 Желтоқсан, 2025
Елорданы бір-ақ сәтте қар басты: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді
Астанада толассыз қар жауып жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты елордадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, қаланы тазалау жұмысын тәулік бойы жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада мұз айдындары мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтады
Астанада ауа райының күрт жылынуына және қардың еруіне байланысты Есіл өзенінің жағалауында орналасқан мұз айдыны мен сырғанақтардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап, қала тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025
Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды
Қазір облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық акциясы жүріп жатыр. Іс-шара барысында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған 8 жүргізуші анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?
Бірер күннен кейін 2025 жылмен қоштасып, 2026 жылды қарсы аламыз. Бұл – жылдың ең көңілді, жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің бірі. Мереке тек отбасылық дастархан және сыйлықтармен шектелмей, түрлі концерттерге, мәдени шараларға және мұз айдындарына барумен қызықты өтеді.