Фото: gov.kz
Өңір тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр.
Көпбейінді аурухана халықаралық стандарттарға сәйкес келетін диагностика және емдеу саласында жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетеді.
Кешен емхана, пансионат, конференц-зал, асхана, физиотерапия бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі, әкімшілік блок, реанимация, химиотерапия және радиотерапия бөлімшелері, сондай-ақ операциялық блок сияқты 10 функционалдық блоктан тұрады.
Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің 12 өңірінде заманауи перинаталдық орталықтар салу көзделген.
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Қызылордада 200 төсектік перинаталдық орталықтың іргетасын қалау рәсімі де өтті. Онда халықаралық тәжірибелер мен озық медициналық технологиялар енгізіледі.