е
Несие • Бүгін, 14:48
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілген несие көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 14:28
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Бүгін, 13:59
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
«Қасапшы» деген бүркеншік есіммен танылған Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Виктор Теміров бүгін Германияның Бад-Херфельдінде өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 12:32
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында 21 азаматқа 125 млн теңгеден астам залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 11:23
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ташкентте дзюдодан Гранд-Слэм турнирінің жалауы желбірейді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • Кеше
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхана әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Кеше
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Ұлттық валюта – теңгеміз жыл басынан бері ешкімді өкпелетіп жатқан жоқ. Бүгінгі сауда-саттықта Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 494,63 теңгені құрады. Дәл осы мән Ұлттық банктің 7, 8 және 9 ақпандағы ресми бағамы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • Кеше
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды
5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты. Жобаның бастамашысы әрі орындаушы продюсері – Димаштың өзі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • Кеше
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • Кеше
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
2026 жылғы қаңтарда Қазақстанның екінші нарығындағы тұрғын үй бағасы қалалардың басым бөлігінде өсті. Астанада орташа баға тарихи межеден асып, бір шаршы метр үшін 600 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қазақстан Халық партиясының Парламенттік фракциясы «Жаңа Конституция: Қазақстанның бүгіні мен болашағының жаңа бейнесі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысып, ұсынылып отырған Конституция жобасының мазмұны мен мәні кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Кеше
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • Кеше
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АҚШ-тың Open Element және Оңтүстік Кореяның Hands Corporation компанияларының басшылығымен кездесу өткізіп, бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
34 жастағы әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны және оның әуежайда ұсталғаны хабарланды. Бұл шектеулер оның Украинадағы соғысқа айтқан сынына байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ оған көші-қон және салық заңнамасын бұзды деген айып тағылғаны туралы болжам бар. Аталған ақпарат ресейлік Telegram-арналарда тараған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Жаңатастағы жел: Бірнеше үйдің шатыры ұшты
Бүгін Жаңатас қаласында жылдамдығы секундына 32 метрге дейін жеткен қатты жел соғып, салдарынан бірнеше нысанға зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Қорғаныс министрінің екі орынбасары Президенттің қабылдауында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Үндістан әріптестерімен құқық қорғау органдарына кадр даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • Кеше
Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторы тұрақты өсім көрсетті. Банктердің жиынтық активтері 70,8 трлн теңгеге жетті. Сектордың дамуына бір мезгілде екі қарама-қарсы үрдіс әсер етті. Оның бірі корпоративтік кредиттеудің рекордтық артуы болса, екіншісі халыққа берілетін тұтынушылық қарыздардың мақсатты түрде шектелуі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • Кеше
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектептерде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап үшінші оқу тоқсаны басталды. Оқу үдерісі 10 оқу аптасына жоспарланған. Осы кезеңде бірінші сыныпта оқитын балалар үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен Вашингтонда алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Петропавлдың полиция департаменті есірткілік құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері мен еріктілер үйлер мен құрылыстардың, гараждардың қабырғаларына есірткі таратушылар жазып кеткен наркограффитилерді жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Кеше
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Шымкент қаласында Бадам өзенінде балықтар жаппай қырылған. Балық өлекселерін жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салған. Өзен суына зертханалық талдау жасаған мамандар судың құрамында күкірт қышқылы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Кеше
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Ел өнеркәсібі цифрлық кезеңге аяқ басты. Ірі кәсіпорындар жасанды интеллектіні өндірістік үдерістерге нақты енгізуге көшті. Бұл үрдіс былтыр іске қосылған 2025-2026 жылдарға арналған ірі кәсіпорындардың өндірістік үдерістеріне жасанды интеллектінің практикалық шешімдерін енгізу жөніндегі Жол картасы арқылы жүйелі сипат алып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген құжат өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауды жеделдетуге және нейрожелілерді нақты өндірісте кеңінен қолдануға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қазақстанның банк секторында кешбэк пен бонустық бағдарламалар соңғы жылдары маңызды бәсекелестік құралына айналды. Қаржы ұйымын таңдауда бұл тетік клиент үшін жай ғана қосымша артықшылық емес, шешуші факторлардың біріне айналып отыр. Себебі әрбір күнделікті төлем нақты үнем мен қосымша пайда әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • Кеше
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банктер туралы жаңа заң күшіне енді. Президент қол қойған құжат салымшылар үшін қолданыстағы кепілдіктерді сақтай отырып, депозиттерге кепілдік беру жүйесін жаңа талаптарға бейімдеуді көздейді. Заң нормалары жеке тұлғалардың ғана емес, банк секторына енді келетін жаңа ойыншылардың да жауапкершілігін айқындайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң қабылданды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.