бұғаз
Әлем • 25 Сәуір, 2026
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Таяу Шығыстағы жағдай шегіне жетті. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы стратегиялық маңызы бар Ормұз бұғазында екі бірдей алып контейнер тасушы кемені қолға түсірді. Тегеран бұл кемелердің «басқыншы елдермен» байланысы бар деп айыптап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Таяу Шығыстағы жағдай күрт күрделенді. Иран билігі Ормұз бұғазын қайтадан жауып, стратегиялық су жолын қатаң бақылауға алатынын мәлімдеді. Тегеран мұндай қадамға АҚШ-тың Иран порттарына қойған теңіз блокадасына жауап ретінде барып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Сәуір, 2026
Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуін уақытша тоқтатты. Бұл шешім бітім шарттарының бұзылуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Сәуір, 2026
Иран мен АҚШ екі апталық бітімге келді: Ормұз бұғазы ашылады
Екі аптаға созылатын уақытша бітім аясында Иран Ормұз бұғазын қайта ашуға дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 17 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы
Иран Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Тегеран бұл үшін бірқатар саяси және экономикалық талаптардың орындалуын шарт ретінде алға тартып отыр. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
Ормұз бұғазының жабылуы әлемде аштық қаупін туғызуы мүмкін. Бұл бұғаз аумағында бидай немесе күріш тиеген кемелердің бөгелуіне ғана байланысты емес. Бұғаздың бұғатталуы газ бағасының күрт өсуіне әкелді. Газ – азот тыңайтқыштары мен карбамид өндірісінің негізгі шикізаты. Газ бағасының көтерілуі тыңайтқыш өндірісін тиімсіз етеді, тіпті егіс науқанының алдында көптеген зауыттар жабылуға мәжбүр болып отыр.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады
Иран Ормұз бұғазына теңіз миналарын орната бастаған. Бұл туралы америкалық барлау деректеріне сүйенген CBS News пен CNN хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Тегеран бұғазда ондаған мина орналастырып үлгерген және тағы жүздегенін қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды
Иран Қарулы күштері Ормұз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластарына мұнай экспорттауға жол бермейтінін жеткізді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Сардар Наини мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Әлемде география саясаттан да, экономикадан да ықпалды болатын жағдай кездеседі. Соның бір айғағы – Ормұз бұғазы. Бұл тар теңіз өткелі жай ғана көлік дәлізі емес. Мұнда энергия, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы тізбектері түйіседі. Сондықтан Ормұздағы кез келген тұрақсыздық тек мұнай бағасын ғана емес, тыңайтқыш пен азық-түлік құнын да бірге қозғай алады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Маусым, 2025
Ормұз бұғазы жабылса, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін
Citigroup сарапшылары Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы жоғары Ормұз бұғазы жабылған жағдайда Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.