Осының нәтижесінде, әлемде карбамид бағасы 40%-ға өсті, ал өндірілген тыңайтқыштың жартысы Ормұз бұғазында бөгеліп қалды.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Африка, оңтүстік Сахарадан Латын Америкасына дейінгі энергия тасымалдайтын және тыңайтқыш импорттайтын елдер күрделі жағдайға тап болды. Ауыл шаруашылығына арналған жанармайдың бағасы өсіп, тыңайтқышқа қолжетімділік қысқарды.
Азот тыңайтқыштары әлемдегі азық-түліктің шамамен жартысын өндіруге жауап береді және олардың жетіспеушілігі бірден бірнеше континенттегі егін өнімдеріне әсер етуі мүмкін. Өйткені, Ормұз бұғазы – әлемдік негізгі тыңайтқыштар мен шикізат экспортының жартысына жуығы өтетін маңызды көлік дәлізі.
Ормұз бұғазы арқылы экспортталатын өнімдерге тоқталсақ, аммиак әлемдік көлемнің 21%-ын құрайды. Ал карбамид үштен бірін алып отыр. Күрделі күкірт экспортында жаһандық сауда ағынының шамамен 46%-ы осы бұғаз арқылы өтеді. Негізгі жеткізу бағыттары Азия-Тынық мұхиты аймағы. Сол аймаққа жеткізілетін карбамидтің көлемі 48%-ға, аммиак – 71%-ға, ал күрделі күкірт – 70%-ға тиесілі. Бұл көрсеткіштер Ормұз бұғазының әлемдік тыңайтқыштар мен негізгі шикізат экспорты үшін қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.
Тыңайтқыштардың жартысы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жетпейді, ал әлемде азық-түлік бағасы күрт өсіп, дағдарыс қаупі туындайды.
Еуропалық Одақ – тыңайтқыштың ірі тұтынушысы. Қатар, Бахрейн, Кувейт және Сауд Арабиясы – импорттық азық-түлікке қатты тәуелді. Үндістан, Бангладеш, Таиланд, Индонезия және Африка елдері – тыңайтқышсыз халықтарына қажетті азық-түліктің көлемін өндіре алмайды.
Сондықтан Ормұз бұғазының жабылуы халықаралық деңгейде шұғыл шараларды қажет етеді. Себебі бұл тек кейбір елдердің ғана емес, бүкіл әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.