Рекордтар кітабы
Аймақтар • Бүгін, 15:37
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәдениет сарайында жас жыршылар тәулік бойы кезек-кезек қиссалар мен дастандар, терме, халық композиторларының шығармаларын орындады. Жыраулық дәстүрді дәріптеуге арналған ауқымды жиын «Ер Едіге» жыр мектебінің бастамасымен жүзеге асты. 24 сағат бойы жырмен көмкерген 36 жыршының өнерін Азия мен Африка елдері бойынша халықаралық GBR сарапшылары бақылап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Ақпан, 2026
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы қаласының Бостандық ауданында Гиннестің рекордтар кітабына енуден үмітті, ұзындығы 110 метрге жететін сырмақ тоқылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Қытайлық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Қытайлық атлет әрі фитнес-инфлюенсер Лю Вэйцян әлемді таңғалдырған жаңа жетістікке қол жеткізді. Ол бір ғана ортаңғы саусағымен 144,72 келі салмақты көтеріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2025
Түркістанда етті, майлы қойлардың V халықаралық көрмесі өтті
«Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ингушития, Моңғолия, Молдова елдерінен мал шаруашылығымен айналысатын 200-ге жуық азамат және еліміздің өзге облыстарынан келген шаруалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Рекордтық мөлшерде бауырсақ пісірген қазақ ауылы Гиннеске енді
Бұл рекордты орнату үшін Қостанай облысы Қамысты ауылының тұрғындары «Бауырсақ-Фест» фестивалін ұйымдастырған. Оған 60 ұйым қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
2100 аққала. Қостанайлықтар әлемдік рекорд орнатты
Қостанай облысындағы Қамысты ауылының тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Олар осы аптадағы аймақта болған қарлы боранға қарамастан қытайлықтар орнатқан рекордты басып озды. Десе де Қамыстының көрсеткіші, әзірге, тек Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Әлем чемпионы, Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшы Англияда көкөніс теріп жүр
Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стритлифтинг пен стритворкауттан әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ильдар Ягяев қазір Англияда көкөніс теріп жүр. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің 19 шілдедегі №134 санында жарық көрген «Жырақта жан баққан жастар» (авторы Зейін Ерғали) атты мақалада айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Мамыр, 2023
«Канело» және оның бауырлары Гиннестің рекордтар кітабына енді
Бұл рекорд 2008 жылы жасалғанымен, Альварестер отбасы Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдерінен сертификатты енді ғана алды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 24 Мамыр, 2022
Мың бала бір мезетте күй тартып, рекорд жасады
Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген күй кеші Гиннестің рекордтар кітабына тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2021
Қазақстандық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді
Шахтинск қаласының 19 жастағы тұрғыны Руслан Фатахов кермеге тартылудан бес жаңа рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2021
Жер бетіндегі ең қарт егіздер белгілі болды
Жапонияда 107 жастағы әпкелі-сіңлілер әлемдегі ең қарт егіздер ретінде тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 04 Қыркүйек, 2021
Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамада ең көп гол соққаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2020
Сардиния тұрғындары әлемде ең үлкен ірімшік дөңгелегін жасап Гиннестің рекордтар кітабына енді, дейді "REGNUM" ақпарат агенттігі.