Қоғам • 19 Шілде, 2023

Әлем чемпионы, Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшы Англияда көкөніс теріп жүр

407 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Гин­нес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стрит­лифтинг пен стритворкауттан әлем чем­пионатында жеті медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ильдар Ягяев қазір Англияда көкөніс теріп жүр. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің 19 шілдедегі №134 санында жарық көрген «Жырақта жан баққан жастар» (авторы Зейін Ерғали) атты мақалада айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионы, Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшы Англияда көкөніс теріп жүр

«Жұмыс істеуге рұқсат алты айға ғана беріледі. Мен Англияға көктемде келгенмін. Бастапқыда қара суық еді. Қазір ауа райы әлдеқайда жақсы. Біз жұмыс беруші ұсынған көлікпен алқапқа жетеміз. Газдың ақысын жауып, көлік жүргізетін жігітке қосымша ақы төлейді. Алғашында далада қырыққабат пен брокколиді қолыммен теретінмін. Ке­йін қызметім жоғарылап, қазір трактор жүргізіп жүрмін», дейді Ильдар Ягяев.

Оның айтуынша, елден жырақ, отбасынан алыс жүріп тапқан табысы да аз емес.

а

«Жаз маусымы жұ­мыстың қызып тұрған шағы. Айына 2000 фунт стерлинг шығады, бұл шамамен миллион теңгеден асады. Оған менің сақтандыруым мен салық­тарым кіреді. Яғни қызметкерлердің ай са­йынғы жалпы табысының 20% көлемінде салық төлеуге кетеді. Ал өмір сүруге ма­ған аптасына 60 фунт жеткілікті. Теңіз жаға­сындағы төрт қабатты үйде басқа да жұ­мыс­шылармен бірге тұрамыз. Ақшаның көп бөлігін отбасыма жіберемін. Мені үйде ата-анам, әйелім, балаларым күтіп отыр. Қазақстанда мұндай ақшаны әрең табатын едім. Ол үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, күніне 2-3 сағат ұйықтау­ға тура келеді», дейді ол.

Ильдар Ягяев Гин­нес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стрит­лифтинг пен стритворкауттан әлем чемпионатының жеті дүркін жүлдегері. Оның айтуынша, Ақтауда спортты дамытуға деген талпынысы нәтижесіз болыпты.

«Туымызды желбіретіп, қаншама ауқымды жарыстардан жүлделі оралдым, тіпті әуежайдан ешкім қарсы алмады. «AktauOpenFest» – Орталық Азияда теңдесі жоқ бірегей жоба. Бұл фестивальде көше спортына көп көңіл бөлінді: баскетбол, стритлифтинг және стритворкаут. Бірақ кейбір түсініксіз жағдайлар­ға байланысты фестивальді өткізу тоқ­татылды. Өңірде көше спортына жет­кілікті деңгейде көңіл бөлінбейтінін тіз­бек­теп, облыс басшылығының наза­рын аудару мақсатында парақшамда пост жариялағанмын. Салдарынан маған бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті. Түсін­беушіліктер болды», дейді Ильдар Ягяев.