кен
Парламент • 25 Маусым, 2020
М. Әшімбаев Сенаттың өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, өткен сессияда Парламент ел игілігіне қызмет ететін бірқатар маңызды заңдар қабылдады. Бұл туралы Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2020
Қала көшелерінде мотокөлікпен жүрудің тәртібі түсіндірілді
Шымкентте 18-25 маусым аралығында қалалық полиция департаменті "Мотокөлік" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат – мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Шымкенттік оқушылар жасаған глобус КИнЭС-2020 рекордтар кітабына енді
Шымкенттегі №90 жалпы орта білім беретін мектепте жаңалыққа жаны құштар жас жеткіншектер жетерлік. Жуырда сол талапты оқушылар мектеп дәлізіне жер шарының үлгісі – алып глобус жасап шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Шымкентте 11 байланыс стансасы орнатылады
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланы сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша "Қазақтелеком", "ТрансТелеКом" АҚ директорлары және ұялы байланыс операторларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Шымкенттіктер "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 жоба жүзеге асырылуда
Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Індеттің асқынуына байланысты сақтық шаралары күшейтіледі
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қаламыздағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қашардағы кен өндірісі екі есе ұлғаяды
Кеніштегі кен аршу жұмыстарына бұған дейін темір жол транспорты пайдаланылып келген. Сарыбай-Соколов тау-кен бірлестігі таяуда өндірісті оңтайландыру мақсатында бұл көлік түрінен бас тартып, кеніш өзегін бойлай тартылған темір жолдардың бірін қалдырмай алып тастады. Жыныс тасымалдау технологиясын өзгерту кеніш жұмысының өнімділігін ұлғайтып, кен өндіру көлемін екі есеге дейін арттырады. Қашар кешеніндегі тиімді жобаны бірлестік басшылығына "Deswik" компаниясының канадалық кеңсесі ұсыныпты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкентте санитарлық нормаларды сақтамаған 7 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Әбдіманап Төлебаевтың Қаулыларының орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданынан құрылған мониторингтік топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкенттік әйел тоңазытқышында "марихуана" мен "гашиш" сақтаған
Шымкент қаласында 46 жастағы әйел полиэтилен пакетке оралған есірткі типтес заттарды үйіндегі тоңазытқышта сақтап келген, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Шымкентте "Ақылды күнбағыс" жүйесі орнатылды
"Ақылды қалалар" эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында "Ақылды күнбағыс" ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2020
Шымкентте медицина қызметкерлеріне сыйлықтар тапсырылды
Шымкент қаласында 21 маусым – медицина қызметкерлер күніне орай Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мырзақұлов ауруханаларға арнайы барып, ақ халатты абзал жандарды құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Индустрияландыру жылдары еліміз тау-кен машиналарын жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Өндіріс 1,7 есе, экспорт 1,8 есеге дейін өсті, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Түркістан облысында 200-ге жуық медицина қызметкері марапатталды
Түркістан облысында 5202 дәрігер және 18120 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі 200-ге жуық медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен, "Құрмет грамотасы" және "Еңбек ардагері" медалімен, сондай-ақ Алғыс хатпен және коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүргендер "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шымкентте волонтерлерге Елбасының Алғыс хаты табысталды
Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов конференциялық байланыс арқылы волонтерлерді құттықтап, "Birgemiz" республикалық акциясына белсенді қатысқандарды Тұңғыш Президент − Елбасының Алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Мұнайлы өлкедегі екі сәбиден коронавирус табылды
Мұнайлы өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында әр жастағы адамдар бар. Соңғы тәулікте инфекция белгісі 17 адамнан табылып отыр, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Шымкентте қала күніне орай 90 отбасы баспаналы болды
Бүгін Шымкент қаласының 90 тұрғынына жаңа пәтердің кілті табысталды. Пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ҰОС ардагері Халил Ергешов та бар. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қуаныш иелерін карантин режиміне байланысты онлайн құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды
Атыраудың Индербор кентінде карантин жарияланды. Осыған орай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шолпан Ержанова арнайы қаулы шығарды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады!
Осыдан тура екі жыл бұрын 19 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сонан бері осы айтулы дата Шымшаһардың қала күні болып бекітілді. Бүгін сол айтулы мерекеге орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді мерейлі мерекемен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Шымкентте коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды
Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Азаматтың жасы 41-де, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Түркістан облысындағы құрылыс компанияда жұмыс істеген.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Шымкентте карантин мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Маусым, 2020
Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен бейнеконференция арқылы тілдесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режіміндегі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Елордада демалыс күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді
20-21 маусым күндері елордада үйдің ауласындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Бұған қоса демалыс күндері барлық ОСО, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базаларлар мен дүкендердің жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Шымкентте ҰБТ өтетін жоғары оқу орындарының дайындығы тексерілді
Шымкентте Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қаладағы үш жоғары оқу орнының базасында өтеді. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеуге 8 570 түлек қатысады деп күтілуде, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Шымкентте "Медицина жаныңызда" акциясы өтуде
Шымкент қаласында "Қала күні" мерекесіне орай "Медицина жаныңызда" атты акциясы басталды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Шымкентте санитарлық талапты сақтамаған нысандар қайта жабылады
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
TikTok желісінде видео түсірген ауыл әкімі жазаланды
Қарағанды облысы Жайрем кентінің әкімі Аманқазы Наукенов TikTok желісінде билеп, видео түсіргені үшін жазаланды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Індетке байланысты Шымкенттегі этноауылдың ашылуы кейінге қалдырылды
Шымкент қаласында "Наурыз" алаңы маңында "Көне қала" этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта "Шымкент 2020 - ТМД елдерінің мәдени астанасы" жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Шымкентте коронавирус індетін жұқтырған тағы 25 адам анықталды
Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар боп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.