Елорда • 11 Тамыз, 2020

Жұбанов көшесі 28 тамызға дейін жартылай жабылады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұбанов көшесінің Кенесары көшесімен қиылысы бөлігінен соңына дейінгі учаскеде 11-28 тамыз аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жұбанов көшесі 28 тамызға дейін жартылай жабылады

Осыған байланысты, елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деп хабарлады қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.