аз
Шаруашылық • 26 Ақпан, 2025
Елімізде жаңбырлатып суару машиналары шығарылады
ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен отандық алғашқы 30 жаңбырлатып суару машиналарын өндірді, олардың 7-уі ШҚО-да жинақталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2025
Еліміздегі ең бай зейнеткер 1 миллионға жуық зейнетақы алады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Қырғызстанда жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды
33 жастағы Қазақстан азаматы 2018 жылы Балқаш қаласында екі адамды өлтіріп, соттан жасырынып жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2025
Алдағы үш күнде аяз тұрып, қар жауады
Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 27, 28 ақпан және 1 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 26 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 26 Ақпан, 2025
«Казцинк» техникалық университетте ғылыми сессия өткізді
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында маңызды ғылыми-техникалық сессия өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2025
Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды
Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2025
Көктайғақ, тұман, боран: Бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Азия жарысында пара велоспорттан тағы бір жүлде
Тректегі пара велоспорттан ерлер арасындағы тандемде Сұлтанмұрат Мералиев (пилот) пен Кенжеғұл Сейтжан (стокер) қашықтықты 11.749 уақытта бағындырып, қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Ақпан, 2025
Жас ақын-жазушыларға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды
Астанадағы Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен 2024 жылғы жастарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2025
«ҚазАвтоЖол» көкпаршыларға ескерту жасады
Әлеуметтік желіде көкпаршылардың «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен атпен өткен видеосы тарады. Осы оқиғаға байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы көкпаршыларға ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Велошабандоз Азия жарысында үшінші болып келді
Малайзияның Нилай шаһарында велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 25 Ақпан, 2025
«Странджа кубогі»: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
24 ақпан күні Болгария астанасы Софияда «Странджа кубогі» басталды. Сайыстың екінші күні шаршы алаңға шығатын ел боксшыларының есімі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сейсенбі, 25 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Ақпан, 2025
Қазақ спортшылары каратэден 11 медаль олжалады
Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында каратэден жастар арасында халықаралық турнир өтті. А сериясындағы бәсі жоғары додадан спортшыларымыз 4 алтын, 7 қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 24 Ақпан, 2025
Жастар саябақтарды қоқыстан тазартты
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Жастардың белсенділік танытуымен өңірдің бірқатар аудандарында саябақтар қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 24 Ақпан, 2025
Екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру тетіктері талқыланды
Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Ақпан, 2025
Велоспортшылар Азия жарысында үшінші орын алды
Малайзияның Нилай қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Ақпан, 2025
Еліміз құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан көш бастап тұр
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерін құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz ТМД елдері департаментінің Еуразиялық экономикалық интеграция бөліміне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2025
Жыл басынан бері 1 070 адам қандас мәртебесін алды
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Ақпан, 2025
Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылордада ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2025
«Қарағанды – Жезқазған» автобусы қайтадан жүреді
Ұлытау облысы өз алдына енші алғанына үшінші жылға кетіп барады. Содан бері «Қарағанды – Жезқазған» бағытында жүретін автобустар тоқтап қалған еді. Жолаушылардың басым көпшілігі пойызбен қатынауға мәжбүр. Билетті екі-үш күн бұрын алып қоймаса, діттеген жеріне жете алмайды. Такси құнын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2025
Салық мәдениетін қалыптастырамыз - Серік Жұманғарин
Қаңтар айының соңында Үкімет фискалдық жүйені және бүкіл экономиканы аяққа тұрғызатын бірқатар шараны жүзеге асыруды ұсынды. Расында, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту – алдағы реформа шеңберіндегі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі. Бүгінгі таңда ҚҚС желісі бойынша Үкімет 16% базалық жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлемені, басым қызмет түрлері үшін 10% аралық мөлшерлемені және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін нөлдік мөлшерлемені ұсынады. Бұл ретте арнаулы салық режімдерінің саны 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқаруы мүмкін. Олай болса Үкімет салық жүйесін қалай дұрыс қалыптастырмақшы? Бүкіл кәсіпкер салықты адал төлеуі үшін оларға қандай жеңілдіктер жасауға дайын? Осы және барлық ел азаматтарын толғандырған басқа да сұрақтарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.
Спорт • 24 Ақпан, 2025
Садақшылар Азия кубогі кезеңінде 3 медаль еншіледі
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Майқайыңдағы апатқа кінәлі шенеуніктер жазаланды
Баянауыл аудандық соты Павлодар облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы қос қызметкеріне жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 24 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2025
Картоптан кейін іле-шала қырыққабат күрт қымбаттады
Шымкенттің сауда орындарында қырыққабаттың келісі 300 теңгеге дейін қымбаттады. Бір апта бұрын ғана 250 теңгеден саудаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2025
Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті
Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 82 жастан асқан шағында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.