
«Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелекқызының ұлы, Нұрсұлтан Досбосынов. Қазір NRS деген атпен рэп жанрында өзімді сынап жүрмін. Тыңдармандарымды қуантып, жаңа туындылар ұсынуға ниеттімін. Сонымен қатар блог жүргізіп, өмірімнің маңызды сәттерімен бөлісіп отырмақпын. Қолдау білдіріп, бірге болайық», – деп жазды ол.
Нұрсұлтан Досбосынов қазір өзін рэп орындаушы ретінде NRS атымен танытып, шығармашылығын дамытып жатыр. Ол әлеуметтік желі арқылы тыңдарман қауымымен байланыс орнатып, жаңа бағыттағы өнерін таныстыруды мақсат еткен.
Нұрсұлтанның айтуынша, ол әке-шешесін қатты сағынады. Сондықтан да олардың көзін көрген ағайын-туыс, аға-әпкелеріне амандық тілеген.
Желі қолданушылары жас өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, ата жолын жалғастырғанына қуанышты екенін жазып жатыр. Көпшілігі Нұрсұлтанның өнерін қолдап, тыңдармандар қатарын арттыруға ниетті.