он
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы бүгін Астанада сағат 14:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қаңтар, 2026
Геосаяси тепе-теңдікті қалай сақтаймыз? Сарапшыдан кеңес
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты географиямен ғана емес, күш теңгерімімен де өлшенуі керек. Елдің екі ірі держава – Ресей мен Қытайдың ортасында орналасуы сауда қатынастарын дамытуда жаңа, дәстүрлі емес тәсілдерді талап етеді. Бұл тұрғыда тәуелділікті жай ғана тарату емес, оны саналы түрде басқару мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қаңтар, 2026
Азаматтарды автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы автонесие рәсімдеу саласында қылмыстық жүйені тоқтатты. 19 қаңтар күні Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал топ азаматтарының атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Kcell бір жылда 2 млн-нан астам күмәнді қоңырауды бұғаттады
«Кселл» АҚ Парламент депутаттарына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және салалық мемлекеттік органдардың өкілдеріне телефон алаяқтығына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Қаңтар, 2026
Илон Маск: Болашақта әр адамның жеке роботы болады
Илон Маск Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда адамзаттың болашағы, технологиялар мен жасанды интеллектінің рөлі туралы көзқарасын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қаңтар, 2026
Макронның көзілдірігі компанияны байытты: iVision Tech акциясы 28 пайызға өсті
Франция президенті Эмманюэль Макрон Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда таққан авиатор көзілдірігі күтпеген жерден қор нарығында серпін туғызды. Президенттің образы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көзілдірік өндіруші iVision Tech компаниясының акциялары бір күнде шамамен 28 пайызға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Қаңтар, 2026
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада оқушылардың онлайн режимде оқитыны мәлім болды. Мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды
Атырау облысында жыл басынан бері өзге елдерден келген 91 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2025 жылы АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын болған екен. Сарапшылар бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың эмиграцияға байланысты ұстанған қатаң саясаты себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Олимпиадаға қатысатын биатлоншылар белгілі болды
Қазақстан биатлоншылар одағы жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қаңтар, 2026
Азия додасы: Қазақстан мергендері тағы бір алтын медаль иеленді
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Bett UK 2026 көрмесі: Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы Bett UK 2026 халықаралық көрмесіне қатысып, сондай-ақ жетекші университеттер, ғылыми орталықтар мен әлемдік технологиялық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапония соты экс-премьерді өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарды
Жапонияда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэні өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Давос қаласына бет алған АҚШ президентінің ұшағынан ақау шығып, кері қайтты
Швейцарияның Давос қаласына бет алған АҚШ президенті Дональд Трамп мінген Air Force One ұшағы кенет бағытын өзгертіп, Мэриленд штатындағы базаға кері оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Футбол • 21 Қаңтар, 2026
Роналдудың рекорды қайталанды: Мбаппе бір маусымда 11 гол соқты
Мбаппе Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ең көп гол соққан Роналдумен теңесті. Роналду – 2013/14, 2015/16 жылдары 11 гол салған болса, Мбаппенің гол саны бұл межеге 2025/26 жылдары жетті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Жапонияның Кумамото префектурасында туристік тікұшақ жоғалып кетті. Оның бортында үш адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қонаевта жол жағдайы жақсарды ма?
Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Атқарылған істердің нәтижесінде бүгінде қаладағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Арнайы Жарлыққа ертең қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Орталық Азиядағы рекорд: Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасы өткен жылды мол табыспен аяқтап, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 20 Қаңтар, 2026
Былтыр желтоқсанда бұл өнімнің жылдық қымбаттауы 26,2 пайызға жеткен. Бұл соңғы бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық статистика бюросы дерегінше, кофе бағасының индексі жаз айларынан бастап шапшаң өсіп, 19 пайыздан 26 пайызға дейін көтерілген, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 19 Қаңтар, 2026
Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті. Іс-шараға Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекет басшысы еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2026
Берлинде павильон ашылды: Немістер Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытты
Берлинде өткен халықаралық Grüne Woche көрмесінің жүз жылдық мерейтойы мен Global Forum for Food and Agriculture халықаралық конференциясы аясында Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қаңтар, 2026
Олимпиада: Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілді
Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.