Референдум • Бүгін, 12:39

Ұландар алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі жауынгерлері таңғы сағат 06:00-де ашылған №479 дауыс беру учаскесінде таңдау жасады деп хабарлайды Egemen.kz

Ұландар алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздар әдетте елден бұрын, ерте таңдау жасайды. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің негізгі бір міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр

Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық борышын ерте орындап, референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сол арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға үлес қосып, белсенділік танытты.

Есік қаласындағы референдум учаскесіне «Алтын адам» келді

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік қызметке кірісіп, қала көшелері мен дауыс беру учаскелері орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аттанды. Ұлттық ұлан жауынгерлері бүгін күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар