орда
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Қызылордада қылмыс деңгейі төмендеді
Жыл басынан бері облыс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 1,3 пайызға төмендеген. Қазір өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жалпы қылмыстың негізгі түрлері бойынша ашылу көрсеткіші өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қазан, 2025
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды
Қызылордада «Қала күні» мерекесі аясында өткен мерекелік іс-шаралар аясында дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қаланы жасыл желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға үлестерін аянбай қосып келе жатқан қала тұрғындарын ынталандыруды мақсат еткен бұл байқау 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қазан, 2025
Президент «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады
Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 18 Қазан, 2025
Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2025
Қызылордада 6,5 келілік алып бала дүниеге келді
Көпбейінді облыстық ауруханада Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай салмағы 6 келі 500 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Қазан, 2025
Қызылордада ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингі жасалды
Қызылордада «2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес «102» арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қазан, 2025
Қызылордада үшем дүниеге келді
23 жастағы қала тұрғыны Әсел Сабырбаева Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшемді дүниеге әкелді. Қызылордалық келіншектің бұл алғаш ана атануы, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қазан, 2025
Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы пайдалануға берілді
Қала күні қарсаңында облыс орталығындағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламент Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қазан, 2025
Президент «Нұра» ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді
Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар, деп жазды Ақорда.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" халықаралық фольклорлық-музыкалық фестиваль өтті
Бүгін Өнер орталығында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Фестиваль Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорымен бірлесіп ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған іске қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қазан, 2025
Қызылордада кәмелетке толмағандар арасында акция өткізіліп жатыр
Прокуратура бастамашы болған акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықты жасауға бейім жасөспірімдерді анықтап, міндеттерін тиісті түрде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қазан, 2025
Қызылордалықтарға 320 пәтердің кілті табысталды
Бүгін Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 06 Қазан, 2025
Қызылордада экология департаменті мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қазан, 2025
Қызылордада 11 мың орындық жаңа стадион ашылды
Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылуы өтті. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды.
Президент • 05 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын әрі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, деп жазды Ақорда.
Спорт • 05 Қазан, 2025
Ел кубогының жеңімпазы жаңа стадионда анықталды
Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылды. Осыған орай ұйымдастырылған шарадан кейін футболдан ел кубогының финалдық матчында «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Қазан, 2025
Құқық бұзып, қоғамдық жұмысқа тартылды
Қармақшы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 02 Қазан, 2025
Елордада «Заң мен тәртіп» фотокөрмесі өтті
Астанада ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп» фотокөрмесінде полиция қызметінің сан қырын көрсететін ерекше суреттер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткізген басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Есірткі • 29 Қыркүйек, 2025
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Президент Жаслан Мәдиевке цифрлық технологияларды дамыту бойынша тапсырма берді
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Ернар Лазар Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Ернар Лазар ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Ақордада Италия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Руслан Желдібай кейінгі кездегі кадрлық ауыс-түйіске қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кейінгі кездегі кадрлық ауыс-түйістің себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.