Осындай заңсыз әрекет салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген. Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Сот санкциясымен «Қазсушар» РМК филиалының бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынды.
Облыстың арнайы прокурорлары тергеген іс қазір сотқа жіберілді.