мАРАПАТ
«Таза Қазақстан» • 18 Желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Салтанатты марапаттау іс-шарасы бүгін Rixos President Astana қонақүйінің «Шаңырақ» конференц-залында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Желтоқсан, 2024
Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды
Алматы облысы, Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке саланың маңызын насихаттап, қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды.
Елорда • 26 Қараша, 2024
Үздік 10 ұстаз ұлттық сыйлық иегері атанды
«Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсіміне әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2024
Астананың велоспорт мектебі «Үздік өңір» атағын жеңіп алды
Қазақстан велоспорт федерациясының бір жылғы көрсеткіштері қорытындыланған дәстүрлі конгресс өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қараша, 2024
Сербияның екі азаматы «Достық» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия азаматтары Лазар Коич пен Драгомир Каричті марапаттау рәсімі өтті. Олар Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапаттарды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 31 Қазан, 2024
Журналистер Республика күні құрметіне марапатталды
Республика күніне орай ақпарат саласын дамытуға ерекше үлес қосып, елеулі еңбек етіп жүрген журналистер марапатталды. Оны «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Дихан Қамзабекұлы тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2024
Бишімбаев ісіне төрағалық еткен судья марапатталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2024
Ғылым және жоғары білім саласының өкілдері марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, Президент жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, ғалымдар мен зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қазан, 2024
Әскерилер мен полиция қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Түрлі сала өкілдері арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер де бар, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 14 Қазан, 2024
Пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Астана қаласында оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2024
Президент биылғы көшпелілер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады
Президент Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қыркүйек, 2024
Президент Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевты марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қыркүйек, 2024
Президент Паралимпиада жүлдегерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 08 Қыркүйек, 2024
Мейірім салтанат құрған отбасы мерейлі болады
Отбасы – тәлім мен тәрбиені бойға сіңіріп, үлкен өмірге қанаттандыратын қастерлі орда. Әр адам осы ордада көріп, көкейге түйгенін, жадында жаттағанын қоғамда таратады. Сондықтан отбасындағы бала тәрбиесінің саналы, сапалы болуы - қауіпсіз, құндылық құнын ұғатын қоғамның бастауы, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2024
Олжас Бектенов Ұлытау облысының кеншілерін марапаттады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Премьер-министр Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелері – Шахтер күнімен құттықтады, оларға Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2024
Ұлытаулық блогерлер марапатталды
Биыл Ұлытау облысы блогерлері арасында тұңғыш рет әлеуметтік желідегі «Үздік материал» конкурсы ұйымдастырылды.
Марапат • 22 Шілде, 2024
Пантелей Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Шілде, 2024
Ішкі істер министрі Геннадий Головкинге медаль тақты
Полиция ведомствосында Ішкі істер министрі мен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Марапат • 27 Маусым, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі «Құрмет» орденімен марапатталды
«Egemen Qazaqstan» газетінің аға тілшісі Айгүл Аханбайқызы «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Маусым, 2024
Президент су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен әскери қызметшілерді марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Маусым, 2024
Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады
Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Нариман Қыпшақбаев «Отан» орденімен марапатталды
Су шаруашылығы саласының ардагері Нариман Қыпшақбаев Президент Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Су және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Мамыр, 2024
Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың жолаушыларын құтқаруға қатысқандардың барлығы марапатталған. Марапат алғанның бірі Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Мереке қарсаңында әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты іс-шараға қорғаныс ведомствосының басшылығы, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери қызметшілер мен азаматтық персонал қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды
ҚР Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірнеше азамат марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Астанада «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен бірқатар азамат марапатталды
2024 жылдың көктемінде, наурыз айында елордада экономика мен қоғам өмірі үшін маңызды оқиғалардың бірі өтті. Астанада «Еңбек Даңқы» (Слава Труда) төсбелгісін табыстау рәсімі ұйымдастырылып, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.